Қайта жіберу

 

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2010-08-12

Outlook Web App тіркелгіңізге жіберілген барлық электрондық пошта хабарларын автоматты түрде басқа тіркелгіге қайта жіберу үшін қайта жіберу мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Қайта жіберуді қалай орнатамын?

  1. Опциялар > Тіркелгі > Қосылған тіркелгілер тармағына өтіңіз.
  2. Қайта жіберу ішінде, барлық электрондық пошта қайта жіберілетін тіркелгінің электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.
  3. Тіркелгіңізге жіберілген хабарлардың көшірмелерін сақтағыңыз келсе, Outlook Web App бағдарламасында қайта жіберілген хабарлардың көшірмесін сақтау пәрменін таңдаңыз.
  4. Өзгерістерді сақтау үшін және басқа тіркелгіге барлық кіріс хабарларды қайта жіберуді бастау үшін Сақтау түймешігін басыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Хабарларды қайта жіберуді тоқтату үшін Қайта жіберуді тоқтату түймешігін басыңыз.
  • Қайта жіберілген хабарлардың көшірмесін сақтасаңыз, Outlook Web App тіркелгісінің пошта жәшігі өлшеміне асып кетпеуін қалыпты түрде тексеріп отыруыңыз керек. Егер пошта жәшігі өлшемінен асып кетсе, жаңа хабарлар қайта жіберілмейді.
  • Қосылған тіркелгілер мен Қайта жіберу бір уақытта пайдалануға арналмаған. Outlook Web App бағдарламасына жеткізілетін басқа тіркелгілерге жіберілген электрондық хатты қалаған кезде Қосылған тіркелгілерді пайдаланыңыз. Outlook Web App тіркелгісіне жеткізілетін электрондық хаттың басқа тіркелгілерге қайта жіберілуі үшін Қайта жіберупәрменін пайдаланыңыз.
 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.