Outlook Web App бағдарламасымен жұмысқа кірісу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-04-23

Outlook Web App бағдарламасы интернетке қосылған кез келген компьютерден пошта жәшігіңізге кіру үшін веб-шолғышты пайдалануға мүмкіндік береді. Оны электрондық пошта хабарларын оқу және жіберу, контактілерді ұйымдастыру, тапсырмаларды жасау және күнтізбеңізді басқару үшін пайдалануға болады.

Мазмұны

Қолдау көрсетілетін шолғыштар

Хабарлармен жұмыс істеу

Күнтізбені пайдалану

Контактілер мен топтар

Теңшеу

Арнайы мүмкіндіктер

Анықтама алу

Шығу

Пошта жәшігіне қосылудың басқа әдістері

Қолдау көрсетілетін шолғыштар

Пошта жәшігіңізге HTML 3.2 және ECMA үшін қолдау көрсететін кез келген шолғыш арқылы кіруге болады. Оған мыналар кіреді: Internet Explorer, Mozilla Firefox, Apple Safari, Chrome және басқа веб-шолғыштар; UNIX, Apple Macintosh немесе Microsoft Windows жүйелері бар компьютерлерде. Қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Outlook Web App қолдайтын шолғыштарOutlook Web App Light - көптеген шолғыштарды қолдайтын Outlook Web App бағдарламасының қарапайым нұсқасы болып табылады.

Хабарлармен жұмыс істеу

Электрондық пошта хабарларын оқу және жіберу мүмкіндіктерімен қатар, хабарларыңызды теңшей аласыз, мысалы, тіркемелер қосу, хабардың жеткізілгендігі немесе оқылғандығы туралы растауды сұрау және хабарға санат қосу.

Қағаздарды реттеу үшін файлдық жүйені пайдаланғандай етіп, хабарларыңызды реттеу үшін қалталарды пайдалануға болады. Әр түрлі қалталарға іріктеу ережелерін пайдалану арқылы алынған хабарларды басқаруға болады.

Оқу аймағы қосылғанда, Outlook Web App бағдарламасы әдепкісінше электрондық поштаның барлық қалталарында әңгімелесу көрінісін пайдаланады. Әңгімелесу көрінісі әңгімелесудегі әрбір хабарды жеке көрініспен көрсетеді. Қосымша ақпарат алу үшін Әңгімелесулер туралы қосымша білу бөлімін қараңыз.

Хабарлармен жұмыс істеу туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Пошта.

Күнтізбені пайдалану

Күнтізбеңіз қабырғадағы күнтізбеге ұқсайды, бірақ онда көптеген қосымша мүмкіндіктер бар. Күнтізбеңізге кездесу қосқан кезде, оны көптеген әдістермен теңшеуге болады, мысалы, тіркемелер қосу, қалағаныңызша егжей-тегжейлі мәліметтер қосу, еске салуды орнату немесе оны қайталанатын жиналыс ету, сонда ол автоматты түрде күнтізбеңізге тұрақты түрде қосылады.

Кездесулер жасаумен қатар, жиналыстар орнатуға да болады. Жиналыс кездесуге ұқсайды, бір айырмашылығы, сіз басқа адамдарға шақыру жібересіз. Шақырылатын әрбір адам жиналыс туралы егжей-тегжейлі мәліметтер болатын электрондық пошта хабарын алады. Электрондық пошта қызметіне қарай, олар алатын хабарды жиналысты өздерінің күнтізбесіне қосу үшін пайдалануы мүмкін.

Күнтізбені басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Күнтізбе.

Контактілер мен топтар

Пошта жәшігіңіздің Контактілер қалтасы ақпарат сақтағыңыз келетін әрбір адам немесе топ үшін жазба болатын Ролодекске немесе мекенжайлық кітапқа ұқсайды. Байланыс орнатқыңыз келетін адам немесе компания туралы ақпаратты сақтау үшін контакт жасауға болады.

Топтар бірнеше контактілерді қамтитын жалғыз жазба жасауға мүмкіндік береді. Топқа хабар жібергенде, ол топтағы әрбір контактіге жіберіледі.

Контактілер мен топтар туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Істес кісілер.

Егер бұлтқа негізделген пошта жәшігіңіз болса, басқа электрондық пошта тіркелгілерінен контактілерді импорттай аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Контактілерді импорттау бөлімін қараңыз.

Теңшеу

Пошта жәшігіңіз тіркелгеннен кейін пайдалануға дайын болады. Электрондық пошты хабарларын жіберуді және алуды бастау үшін ешқандай параметрлерді өзгерту немесе ештеңені қосу немесе өшіру қажет емес. Бірақ, сіз өзіңізге ыңғайлы болу үшін әлі де кейбір параметрлерді өзгерткіңіз келуі мүмкін.

Сіз мыналарды істей аласыз: жіберуден алдын электрондық пошта хабарындағы емлені автоматты түрде тексеру, жіберілетін хабарларға қолтаңба қосу және хабарларыңыз үшін әдепкі қаріпті таңдау.

Outlook Web App бағдарламасын теңшеу туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Параметрлер сілтемесі.

Арнайы мүмкіндіктер

Көзі көрмейтін немесе нашар көретін пайдаланушылар үшін бейімделген жеңілдетілген нұсқасы бар. Қосымша ақпарат алу үшін Outlook Web App Light бөлімін қараңыз.

Анықтама алу

Жұмыс істеп отырған терезеде анықтама алу үшін құралдар тақтасындағы анықтама анықтама белгішесін басыңыз.

Егер сіз өзіңіздің электрондық поштаңызды кімнің басқаратындығын білетін болсаңыз, олармен хабарласып, интражелі немесе интернет арқылы Outlook Web App бағдарламасын пайдалану туралы ақпарат алыңыз.

Шығу

Пошта жәшігіңізді пайдаланып болғаннан соң, құралдар тақтасындағы Шығу түймешігін басыңыз, сонан соң барлық шолғыш терезелерін жабыңыз. Шығу басқа біреудің компьютерді пайдаланып пошта жәшігіңізге кіруін болдырмауға көмектеседі. Басқа веб-сайттарға кіру үшін компьютерді пайдалануды жалғастыруды жоспарласаңыз да, Шығу түймешігін басып, әрбір сеанстан соң барлық шолғыш терезелерін жабыңыз.

Пошта жәшігіне қосылудың басқа әдістері

  • Пошта жәшігіне қосылу таңдаулы электрондық пошта бағдарламаңызды пайдаланыңыз   Outlook Web App бағдарламасымен қатар, пошта жәшігіңізге мыналардың бірімен кіре аласыз:
    • Office Outlook 2007.
    • Windows Мобильді бағдарлама және қолдау Exchange ActiveSync бар мобильді телефондар, соның ішінде Windows Mobile 5.0 және Windows Mobile 6.0. Қосымша ақпарат алу үшін Ұялы телефоныңызда электрондық пошта тіркелгіңізді орнату бөлімін қараңыз.
    • POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатын мобильді телефондар, мысалы, Apple iPhone.
    • POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламалары, мысалы, Windows, Outlook Express, Entourage for MAC OS X, Mozilla Thunderbird және  Mail.
    Қосымша ақпарат үшін Электрондық поштаны теңшеу бөлімін қараңыз.
  • Дауыс поштасын теңшеу   Мобильді телефоныңыздың нөмірін тіркелгіңізге қосу арқылы дауыс поштасын қосуға болады. Дауыс поштасын қосу арқылы, кіріс пошта жәшігіңізде мобильді телефоныңызға жіберілген дауыс поштасын ала аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Дауыстық пошта бөлімін қараңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Пошта жәшігіңізді орналастырған сервер теңшеліміне байланысты Outlook Web App бағдарламасы пошта жәшігіңізді рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, біраз уақыт әрекетсіздіктен кейін пошта жәшігіңізге қосылымды автоматты түрде жабуы мүмкін.
  • Пошта жәшігіңіз орналасқан сервердің теңшеліміне байланысты, Анықтамада сипатталған кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.