Пошта жәшігін тексеру журналдарын экспорттау

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-11-23

Пошта жәшігі үшін пошта жәшігін тексеру қосылғанда, иесінен басқа пайдаланушы пошта жәшігіне қатынасқан сайын, Microsoft Exchange қызметі пошта жәшігі тексеру журналындағы ақпараттарды тіркейді. Әрбір жазба журналы пошта жәшігіне қатынасқандарды, иесінен басқа тұлғаның әрекеттерді орындағаны және сол әрекеттердің сәтті болғандығы жайлы ақпараттарды қамтиды. Пошта жәшігінің тексеру журналындағы жазбалар әдепкі бойынша 90 күн сақталады. Пошта жәшігі журналын иесінен басқа тұлғаның пошта жәшікті қатынасқанын анықтау үшін қолдана аласыз.

Пошта жәшігі журналдарынан жазбаларды экспорттағанда, Microsoft Exchange қызметі жазбаларды XML файлына сақтап, белгілі бір алушыға жіберілген электронды пошта хабарына тіркейді.

Бұл бөлімде түсіндірілетіндер:

Пошта жәшігін тексеру журналын теңшеу

Пошта жәшігінің тексеру журналын жүргізуді экспорттамастан және көрместен бұрын, тексеруді қажет ететін әрбір пошта жәшігіндегі пошта жәшігінің тексеру журналын жүргізуді қосу қажет. XML тіркемелеріне рұқсат беру үшін Outlook Web App қызметін де теңшеу керек.

Пошта жәшігінің тексеру журналын жүргізуді қосу

Пошта жәшігіне иесінен басқа тұлғаның кіруі туралы есепті іске қосқыңыз келсе, әрбір пошта жәшігіне арналған пошта жәшігінің тексеру журналын жүргізуді қосыңыз. Пошта жәшігіне арналған пошта жәшігін тексеру журналы қосылмаса, онда пошта жәшігін тексеру журналын экспорттаған кезде, ешқандай нәтижелерді алмайсыз.

Бір ғана пошта жәшігіне арналған пошта жәшігінің тексеру журналын жүргізуді қосу үшін келесі PowerShell пәрменін іске қосыңыз:

Set-Mailbox <Identity> -AuditEnabled $true

Ұйымдағы барлық пайдаланушылардың пошта жәшіктеріндегі пошта жәшіктерін тексеру қызметін қосу үшін келесі пәрмендерді орындаңыз:

$UserMailboxes = Get-mailbox -Filter {(RecipientTypeDetails -eq 'UserMailbox')}
$UserMailboxes | ForEach {Set-Mailbox $_.Identity -AuditEnabled $true}
XML тіркемелеріне рұқсат беру үшін Outlook Web App қызметін теңшеу

Пошта жәшігін тексеру журналын экспорттағанда, Microsoft Exchange қызметі XML файл болып келетін тексеру журналын электронды пошта хабарына тіркейді. Дегенмен әдепкі мәнде Outlook Web App бағдарламасы XML тіркемелерін блоктайды. XML тіркемелеріне рұқсат беру үшін Outlook Web App қызметін теңшесеңіз, экспортталған тексеру журналына қатынаса аласыз.

Outlook Live серверлік сеансына қосылғаннан кейін мына пәрменді іске қосыңыз:

Set-OwaMailboxPolicy -Identity OwaMailboxPolicy-Default -AllowedFileTypes '.rpmsg','.xlsx','.xlsm','.xlsb','.tiff','.pptx','.pptm','.ppsx','.ppsm','.docx','.docm','.zip','.xls','.wmv','.wma','.wav','.vsd','.txt','.tif','.rtf','.pub','.ppt','.png','.pdf','.one','.mp3','.jpg','.gif','.doc','.bmp','.avi','.xml'
Пошта жәшігін тексеру журналын экспорттау

  1. Менің ұйымымды басқару > Ережелер & Тексеру > Тексеру параметрін таңдаңыз.

  2. "Пошта жәшігін тексеру журналын экспорттау" параметрін басыңыз.

  3. Пошта жәшігін тексеру жұрналынан жазбаларды экспорттау үшін келесі іздеу шарттарын теңшеңіз:

    • Басталу және аяқталу күндері   Экспортталған файлға енгізу үшін жазбаларға арналған күн ауқымын таңдаңыз.

    • Тексеру журналын іздеуге арналған пошта жәшіктері   Тексеру журналы жазбаларын алу үшін пошта жәшіктерін таңдаңыз.

    • Иесінен басқа кіретін тұлғаның түрлері   Жазбалар арналатын иесінен басқа кіретін тұлғаның түрлерін анықтау үшін келесі параметрлердің біреуін таңдаңыз:

      • Иесінен басқа барлық тұлғалар   Ұйымдағы әкімшілер мен өкілетті пайдаланушылар және Microsoft деректер орталығының әкімшілері арқылы кіруді іздеңіз.

      • Сыртқы пайдаланушылар   Microsoft деректер орталығының әкімшілері арқылы кіруді іздеңіз.

      • Әкімшілер және өкілді пайдаланушылар   Ұйым ішінен әкімшілер және өкілді пайдаланушылар арқылы қатынасты іздеңіз.

      • Әкімшілер   Ұйымдағы әкімшілер арқылы рұқсатты іздеңіз.

    • Алушылар   Пошта жәшіктерін тексеру журналы жіберілетін пайдаланушыларды таңдаңыз.

  4. "Экспорттау" түймешігін басыңыз.

    Microsoft Exchange қызметі іздеу шарттарына сай пошта жәшігін тексеру журналындағы жазбаларды алады, SearchResult.xml деп аталған файлға сақтайды және белгілі бір алушыға жіберілетін электронды пошта хабарына XML файлын тіркейді.

  5. "Экспорттау" түймешігін басыңыз.

    Microsoft Exchange қызметі іздеу шарттарына сай әкімшінің тексеру журналындағы жазбаларды алады, SearchResult.xml деп аталған файлға сақтайды және белгілі бір алушыға жіберілетін электронды пошта хабарына XML файлын тіркейді.

Ескертпе Exchange басқару тақтасындағы «Есептерді тексеру» қойындасындағы кез келген есептерге қатынасу және орындау үшін пайдаланушыға қажет рұқсаттар тағайындалған болуы керек. Қосымша ақпарат алу үшін Exchange Online бағдарламасында Тексеру есептерін пайдалану бөлімінің «Пайдаланушыларға тексеру есептеріне қатынасу рұқсатын беру» бөлімшесін қараңыз.

Пошта жәшігін тексеру журналын көру

SearchResult.xml файлын ашып, сақтау үшін:

  1. Тексеру журналы жіберілген пошта жәшігіне тіркеліңіз.

  2. Кіріс қалтасынан Microsoft Exchange жіберген XML файлы тіркелген хабарды ашыңыз. Электронда пошта хабарының негізгі мәтінінде іздеу шарттары қамтылғанын ескеріңіз.

  3. XML файлын ашу немесе сақтау үшін тіркемені басып, таңдаңыз.

Пошта жәшігін тексеру журналындағы жазбалар

Келесі мысалдар SearchResult.xml файлында қамтылған пошта жәшігін тексеру журналындағы жазбаларды көрсетеді. <Event>XML тегі әрбір жазбаның алдында келіп,</Event> XML тегімен бітеді. Бұл жазба әкімшінің 2010 жылдың 30 сәуіріндегі Мерейдің пошта жәшігіндегі «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасындағы «Notification of litigation hold» тақырыбымен аталатын хабарды жойғанын көрсетеді.

<Event MailboxGuid="6d4fbdae-e3ae-4530-8d0b-f62a14687939" 
  Owner="PPLNSL-dom\tamaraj50001-1363917750" 
  LastAccessed="2010-04-30T11:01:55.140625-07:00" 
  Operation="HardDelete" 
  OperationResult="Succeeded" 
  LogonType="Admin"
 FolderId="0000000073098C3277988F4CB882F5B82EBF64610100A7C317F68C24304BBD18ABE1F185E79B00000026BD4F0000"
  FolderPathName="\Recoverable Items\Deletions"
  ClientInfoString="Client=OWA;Action=ViaProxy" 
  ClientIPAddress="10.196.241.168" 
  InternalLogonType="Owner"
  MailboxOwnerUPN=tamaraj@contoso.com
  MailboxOwnerSid="S-1-5-21-290112810-296651436-1966561949-1151" 
  CrossMailboxOperation="false" 
  LogonUserDN="Administrator"
  LogonUserSid="S-1-5-21-290112810-296651436-1966561949-1149">
  <SourceItems>
   <ItemId="0000000073098C3277988F4CB882F5B82EBF64610700A7C317F68C24304BBD18ABE1F185E79B00000026BD4F0000A7C317F68C24304BBD18ABE1F185E79B00000026BD540"
    Subject="Notification of litigation hold"
    FolderPathName="\Recoverable Items\Deletions" /> 
  </SourceItems>
</Event>
Пошта жәшігін тексеру журналындағы пайдалы өрістер

Осы өрістер үшін қараңыз. Олар иесінен басқа тұлғалардың пошта жәшікке қатынасқанының әр сатысы туралы белгілі бір ақпаратты анықтауға көмектеседі.

 

Өріс Сипаттама

Owner

Иесінен басқа тұлға кірген пошта жәшігінің иесі.

LastAccessed

Пошта жәшігіне кірген кездегі күн мен уақыт.

Operation

Иесінен басқа тұлға орындаған әрекет. Толық ақпаратты «пошта жәшігін тексеру журналына не жазылған?» бөлімінен қараңыз:Пошта жәшігіне иесінен басқа тұлғаның кіруі туралы есепті іске қосу

OperationResult

Иесінен басқа тұлға орындаған әрекет сәтті аяқталды немесе орындалмады.

LogonType

Иесінен басқа кіретін тұлғаның түрлері. Мұнда әкімші, өкіл және сыртқы кісілер бар.

FolderPathName

Иесінен басқа тұлға ықпал еткен хабарды қамтитын қалта аты.

ClientInfoString

Пошта жәшігіне кіруде иесінен басқа тұлға қолданған пошта клиенті туралы ақпарат.

ClientIPAddress

Пошта жәшігіне кіруде иесінен басқа тұлға қолданған компьютердің IP мекенжайы.

InternalLogonType

Бұл пошта жәшігіне қатынасуда иесінен басқа тұлға қолданған тіркелігінің жүйеге кіру түрі.

MailboxOwnerUPN

Пошта жәшігі иесінің электрондық пошта мекенжайы.

LogonUserDN

Иесінен басқа тұлғаның көрсетілетін аты.

Subject

Иесінен басқа тұлға ықпал еткен электронды пошта хабарының тақырып жолы.

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.