Windows PowerShell арқылы пошта жәшігі өлшемдерін көру және пошта жәшігі квоталарын көру

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-12-12

 

Пошта жәшігі квоталары пошта жәшіктерінің өлшемін басқаруға көмектеседі. Пошта жәшігі квоталарын пошта жәшігіне тағайындалған пошта жәшігі жоспары автоматты түрде орнатады. Келесі пошта жәшігі квоталары пайдаланылады:

  • Мәселе туралы ескерту квотасы   Егер пошта жәшігінің өлшемі белгіленген шекке жетсе не одан асып кетсе, пайдаланушы сипаттамасы бар ескерту хабарын алады.

  • Жіберуге тыйым салу квотасы   Егер пошта жәшігінің өлшемі белгіленген шекке жетсе не одан асып кетсе, жаңа хабарларды пошта жәшігінен жіберу мүмкін болмайды да, пайдаланушы сипаттамасы бар қате туралы хабар алады.

  • Жіберуге алуға тыйым салу квотасы   Егер пошта жәшігінің өлшемі белгіленген шекке жетсе не одан асып кетсе, пошта жәшігінен жаңа хабарларды жіберу немесе қабылдау мүмкін болмайды. Пошта жәшігіне жіберілген барлық хабар жіберушіге сипаттамасы бар қате туралы хабармен қайтарылады.

    Ескертпе   Жіберуге және алуға тыйым салу квотасы пошта жәшігінің максималды өлшемін тиімді анықтайды.

Live@edu ұйымдарында пошта жәшігі жоспарларындағы немесе жеке пошта жәшіктеріндегі пошта жәшігі квоталарын өзгерте алмайсыз, ал Microsoft Office 365 ішінде мұны істеуге болады. Қосымша ақпаратты Windows PowerShell арқылы Office 365 ішінде пошта жәшігі квоталарын орнату бөлімінен қараңыз.

Тіпті пошта жәшігі квоталарын өзгерту мүмкін емес ұйымдарда да бұлтқа негізделген ұйымдағы пайдаланушылар үшін пошта жәшіктерінің өлшемдерін және квоталар күйін бақылауға болады. Мысалы, қай пошта жәшіктері жіберуге алуға тыйым салу квотасына жеткенін білгіңіз келе ме? Я болмаса нақты пошта жәшігінің өлшемін және квота күйін көргіңіз келе ме? Бұл мәселе емес!

Windows PowerShell бағдарламасындағы Get-MailboxStatistics командлетін пайдаланып мыналарды істеуге болады:

Жұмысты бастамас бұрын

  • Windows PowerShell бағдарламасын орнатып конфигурациялау және қызметке қосылу туралы білу үшін Exchange Online қызметінде Windows PowerShell бағдарламасын пайдалану бөлімін қараңыз.

  • Get-MailboxStatistics командлетін пайдаланғанда келесі жұмыс тәртібін ескеріңіз:

    • Пошта жәшігіне ешкім ешқашан кірмеген болса, пошта жәшіктерінің белгілі бір түрлері, мысалы, табылғандарды реттеу пошта жәшіктері, жабдық пошта жәшіктері, ортақ пошта жәшіктері және мұрағат пошта жәшіктері ескертулерді көрсетуі мүмкін. Бұл ескертулер тек көрсетуге арналған. Нәтижелерді файлға жазғанда, мәндер жазылады және ескертулер өткізіп жіберіледі.

    • Өлшем мәнін ең жақын мегабайтқа дейін дөңгелектегенде және нәтижелерді екі ондық таңбалар санына дейін шектесеңіз, байттармен немесе килобайттармен өлшенетін өте шағын мәндер нөл түрінде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 4 килобайт бұл 0,0039 мегабайт. Оны екі ондық таңбалар санына дейін дөңгелектегенде ол нөл (4/1024) болады.

  • Пошта жәшігінің өлшемі және пошта жәшігі квоталары Exchange басқару тақтасындағы пошта жәшігі сипаттарының «Пошта жәшігін пайдалану» бөлімінде көрсетіледі.

  • Пайдаланушылар жеке пошта жәшігінің ағымдағы өлшемі мен квота күйін келесі әдістердің бірін пайдаланып көре алады:

    • Outlook 2010   Файл > Ақпарат тармағының «Пошта жәшігін тазалау» бөлімінде. Пошта жәшігінің өлшемі туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін Тазалау құралдары > Пошта жәшігін тазалау > Пошта жәшігінің өлшемін көру тармағына өтіңіз.

    • Outlook Web App   Пошта көрінісінде қалталар тізімінің жоғарғы жағында атыңызға көрсеткішті апарыңыз. Бұл Outlook Web App бағдарламасының жеңіл нұсқасында жұмыс істемейтінін ескеріңіз.

Нақты пошта жәшігінің өлшемін және квота күйін көру

Мына пәрменді іске қосыңыз:

Get-MailboxStatistics <Identity> | Format-List StorageLimitStatus,TotalItemSize,TotalDeletedItemSize,ItemCount,DeletedItemCount

Мысалы, Тамара Джонстон атты пайдаланушының пошта жәшігінің ағымдағы өлшемі мен квоталар күйін көру үшін келесі пәрменді орындаңыз:

Get-MailboxStatistics "Tamara Johnston" | Format-List StorageLimitStatus,TotalItemSize,TotalDeletedItemSize,ItemCount,DeletedItemCount

Беттің үстіңгі жағы

Барлық пошта жәшіктерінің өлшемін және квота күйін көру

Келесі пәрмен барлық пошта жәшіктері бойынша келесі ақпаратты шығарып алады:

  • Пошта жәшігінің көрсетілетін атауы

  • Пошта жәшігінің квота күйі

  • Екі ондық таңбалар санына дейін дөңгелектенген пошта жәшігінің мегабайттармен (Мбайт) өлшемі

  • Екі ондық таңбалар санына дейін дөңгелектенген «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасының мегабайттармен (Мбайт) өлшемі

  • Пошта жәшігіндегі элементтердің саны

  • «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасындағы элементтердің саны

Нәтижелер пошта жәшігінің өлшемі бойынша ең үлкеннен ең шағынға дейін сұрыпталады да, «C:\My Documents\All Mailboxes.csv» атты CSV файлына экспортталады.

Get-Mailbox -ResultSize Unlimited | Get-MailboxStatistics | Select DisplayName,StorageLimitStatus,@{name="TotalItemSize (MB)";expression={[math]::Round((($_.TotalItemSize.Value.ToString()).Split("(")[1].Split(" ")[0].Replace(",","")/1MB),2)}},@{name="TotalDeletedItemSize (MB)";expression={[math]::Round((($_.TotalDeletedItemSize.Value.ToString()).Split("(")[1].Split(" ")[0].Replace(",","")/1MB),2)}},ItemCount,DeletedItemCount | Sort "TotalItemSize (MB)" -Descending | Export-CSV "C:\My Documents\All Mailboxes.csv" -NoTypeInformation

Беттің үстіңгі жағы

Тек пошта жәшігі квоталарынан асқан пошта жәшіктерін көру

Тек конфигурацияланған пошта жәшігінің квотасы мәндерінен үлкенірек пошта жәшіктерінің ғана өлшемі мен квота күйін көру және нәтижелерді «C:\My Documents\Exceeded Quotas.csv» атты CSV файлына экспорттау үшін келесі пәрменді орындаңыз:

Get-Mailbox -ResultSize Unlimited | Get-MailboxStatistics | where {$_.StorageLimitStatus -notlike "BelowLimit*"} | Select DisplayName,StorageLimitStatus,@{name="TotalItemSize (MB)";expression={[math]::Round((($_.TotalItemSize.Value.ToString()).Split("(")[1].Split(" ")[0].Replace(",","")/1MB),2)}},@{name="TotalDeletedItemSize (MB)";expression={[math]::Round((($_.TotalDeletedItemSize.Value.ToString()).Split("(")[1].Split(" ")[0].Replace(",","")/1MB),2)}},ItemCount,DeletedItemCount | Sort "TotalItemSize (MB)" -Descending | Export-CSV "C:\My Documents\Exceeded Quotas.csv" -NoTypeInformation

Беттің үстіңгі жағы

Пошта жәшігіне тағайындалған барлық квоталарды көру

Мына пәрменді іске қосыңыз:

Get-Mailbox <Identity> | Format-List *Quota

Мысалы, «Толқын Жеңісбек» деген пайдаланушының пошта жәшігіне тағайындалған пошта жәшігі квоталарын көру үшін мына пәрменді орындаңыз:

Get-Mailbox "Tamara Johnston" | Format-List *Quota

Ескертпе   Бұрынырақ түсіндірілгендей, пошта жәшігі квоталарының барлық келесі мәндерін пошта жәшігіне тағайындалған пошта жәшігінің жоспары орнатады. Пошта жәшігінің жоспары орнатқан пошта жәшігі квотасының мәндерін көру үшін мына пәрменді орындаңыз: Get-MailboxPlan | Format-List DisplayName,*Quota.

Беттің үстіңгі жағы

Пошта жәшіктерін мұрағаттау

Ескертпе   Live@edu ұйымы үшін мұрағат пошта жәшіктері қол жетімді емес.

Microsoft Office 365 ұйымдарында, сонымен бірге, мұрағат пошта жәшіктерінің өлшемін және квота күйін көруге болады. Пайдаланушы пошта жәшігінің өлшемінде мұрағат пошта жәшігінің өлшемі есептелмейді. Мұрағат пошта жәшігінің пайдаланушы пошта жәшігіне тағайындалған пошта жәшігінің жоспары орнататын бөлек және конфигурацияланбайтын квоталары бар. Бұл квоталар - ArchiveQuota және ArchiveWarningQuota.

Беттің үстіңгі жағы

Мұрағат пошта жәшігінің өлшемін және квота күйін көру

Мына пәрменді іске қосыңыз:

Get-MailboxStatistics <Identity> -Archive | Format-List DisplayName,StorageLimitStatus,TotalItemSize,TotalDeletedItemSize,ItemCount,DeletedItemCount

Мысалы, Қанат Әлім атты пайдаланушының мұрағат пошта жәшігінің ағымдағы пошта жәшігі өлшемін және квота күйін көру үшін келесі пәрменді орындаңыз:

Get-MailboxStatistics "Kim Akers" -Archive | Format-List DisplayName,StorageLimitStatus,TotalItemSize,TotalDeletedItemSize,ItemCount,DeletedItemCount

Ескертпе   <Identity> мәні мұрағат пошта жәшігінің емес, ал пайдаланушы пошта жәшігінің идентификаторы.

Беттің үстіңгі жағы

Барлық мұрағат пошта жәшіктерінің өлшемін және квота күйін көру

Келесі пәрмен барлық мұрағат пошта жәшіктері бойынша келесі ақпаратты шығарып алады:

  • Мұрағат пошта жәшігінің көрсетілетін атауы

  • Мұрағат пошта жәшігінің квота күйі

  • Екі ондық таңбалар санына дейін дөңгелектенген мұрағат пошта жәшігінің мегабайттармен (Мбайт) өлшемі

Екі ондық таңбалар санына дейін дөңгелектенген «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасының мегабайттармен (Мбайт) өлшемі. Нәтижелер пошта жәшігінің өлшемі бойынша ең үлкеннен ең шағынға дейін сұрыпталады да, «C:\My Documents\All Archive Mailboxes.csv» атты CSV файлына экспортталады.

Get-Mailbox -Archive -ResultSize Unlimited | Get-MailboxStatistics -Archive | Select DisplayName,StorageLimitStatus,@{name="TotalItemSize (MB)";expression={[math]::Round((($_.TotalItemSize.Value.ToString()).Split("(")[1].Split(" ")[0].Replace(",","")/1MB),2)}},@{name="TotalDeletedItemSize (MB)";expression={[math]::Round((($_.TotalDeletedItemSize.Value.ToString()).Split("(")[1].Split(" ")[0].Replace(",","")/1MB),2)}},ItemCount,DeletedItemCount | Sort "TotalItemSize (MB)" -Descending | Export-Csv "C:\My Documents\All Archive Mailboxes.csv" -NoTypeInformation

Беттің үстіңгі жағы

Get-MailboxStatistics қайтарған мәндердің түсіндірмесі

Сіз білуіңіз керек мәндерге қарайық:

  • StorageLimitStatus   Бұл мән пошта жәшігінің квота күйін көрсетеді. Келесі мәндер пайдаланылады:

    • BelowLimit   Пошта жәшігінің өлшемі мәселе туралы ескерту квотасынан азырақ.

    • IssueWarning   Пошта жәшігінің өлшемі мәселе туралы ескерту квотасына тең немесе үлкенірек, бірақ жіберуге тыйым салу квотасынан азырақ.

    • ProhibitSend   Пошта жәшігінің өлшемі жіберуге тыйым салу квотасынан үлкен немесе тең, бірақ жіберуге алуға тыйым салу квотасынан азырақ.

    • MailboxDisabled   Пошта жәшігінің өлшемі жіберуге алуға тыйым салу квотасынан үлкен немесе тең.

  • TotalItemSize және ItemCount   Бұл мәндер пошта жәшігінде қазіргі уақытта бар элементтердің өлшемі мен санын көрсетеді. TotalItemSize мәні – пошта жәшігінің көлемі. Бұл пошта жәшігінде конфигурацияланған пошта жәшігі квоталарымен салыстырылады.

  • TotalDeletedItemSize және DeletedItemCount   Бұл мәндер «Жойылғандар» қалтасындағы элементтердің өлшемі мен санын көрсетпейді. Керісінше, олар пошта жәшігіндегі жасырын «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасындағы элементтердің өлшемі мен санын көрсетеді. «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасы, сондай-ақ, себет ретінде белгілі. Элементтер «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасына келесі жолдардың біреуімен келеді:

    • «Жойылғандар» қалтасынан элементтерді жою.

    • Пошта жәшігінің элементтерін Shift+Delete тіркесімін пайдаланып қалпына келтіру мүмкіндігінсіз жою.

    «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасының өлшемі пошта жәшігінің өлшемінде есептелмейді. «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасының пошта жәшігіне тағайындалған пошта жәшігінің жоспары орнататын бөлек және конфигурацияланбайтын квоталары бар. Бұл квоталар - RecoverableItemsQuota және RecoverableItemsWarningQuota.

    Ескертпе   «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасындағы әдепкі бойынша 14 күн бойы сақталады, содан кейін Microsoft Exchange оларды тазартады. Кәсіпорындарға арналған Microsoft Office 365 нұсқасы ішінде пошта жәшігі істі ұстауға қойылғанда, «Қалпына келтірілетін элементтер» қалтасы тазартылмайды және осы қалтадағы элементтер белгісіз уақыт бойы сақталады.

Беттің үстіңгі жағы

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.