Пайдаланушылардың пошта жәшіктерінен хабарларды іздеу және жою

[Бұл мақала жұмыс барысында.]  

Мынаған қолданылады: Office 365 for enterprises, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-11-23

Кей кезде әкімшілер ұйым ішінде бірнеше пошта жәшіктеріне жіберілген сәйкес емес немесе зиянды электрондық пошта хабарларын іздеп, жоюлары керек. Мысалы, электрондық пошта вирустарды немесе вирусты, үлкендерге қатысты материалдар немесе хабарлары абайсызда басқа адамға жіберілген құпиялы деректер сияқты сәйкес емес мазмұндарды жүктеу үшін сілтемелерді қамтуы мүмкін.

Осы мақсатта Exchange басқару тақтасында Бірнеше пошта жәшігін пайдалануға болғанмен, онымен Windows PowerShell ішіндегі  Пошта жәшігін іздеу командлетін DeleteContent ауыстыру параметрімен бірге пайдалану арқылы жұмыс істей аласыз.

Маңызды   Пошта жәшігін іздеу командлетін DeleteContent параметрімен бірге пайдаланғанда, хабарлар пайдаланушылардың пошта жәшігінен біржолата жойылады және қалпына келтірілмейді.

Жұмысты бастамас бұрын

UNRESOLVED_TOKEN_VAL(<rte:TA_RPSBeforeYouBegin>)

Қажетті RBAC рөлдерін тағайындау

Пайдаланушының пошта жәшіктеріндегі хабарларды іздеп, жою үшін, келесі рөлдерге тағайындалуыңыз керек.

  • Пошта жәшігін іздеу   Бұл рөл ұйымдағы бірнеше пошта жәшіктеріндегі хабарларды іздеуге мүмкіндік береді. Әкімшілерге бұл рөл әдепкі бойынша тағайындалады. Бірнеше пошта жәшіктерін іздеу үшін, өзіңізді Табуды басқару рөл тобының мүшесі ретінде қосыңыз. Рөлдік топтың мүшелерін қосу немесе жою мақаласын қараңыз.

  • Пошта жәшігін импорттау және экспорттау   Бұл рөл пайдаланушының пошта жәшігіндегі хабарларды жоюға мүмкіндік береді. Әкімшілерге бұл рөл әдепкі бойынша тағайындалмайды. Пайдаланушының пошта жәшіктеріндегі хабарларды жою үшін, Пошта жәшігін импорттау және экспорттау рөлін «Ұйымды басқару» рөлдік тобына қосыңыз. Рөл тобының сипаттарын өзгерту мақаласын қараңыз.

Іздеу сұрауына ақпарат жинау

Әсері тиген немесе сәйкес емес хабарлардың бірнеше көшірмесін алып, қарап шығу керек, осылайша оны табатын іздеу сұрауын жасауға болады.

Беттің үстіңгі жағы

Параметрлерді іздеу және жою

Пошта жәшігін іздеу командлетін DeleteContent параметрімен бірге хабарларды бір қадамда іздеп, жою үшін пайдалануға болады. Дегенмен, осыны орындағанда, іздеу нәтижелерін немесе іздеу арқылы қандай хабарлар қайтарылатынын жазатын журналды жасауды қарап шығуға болмайды. Бұл қандай хабарлардың жойылатынын білмейтініңізді білдіреді.

Ең жақсысы, бірінші Пошта жәшігін іздеу командлетін LogOnly параметрімен іске қосқан дұрыс. Бұл пәрмен іздеу шартарына сәйкес келетін барлық нәтижелер туралы ақпаратты қамтитын журналды жасағанмен, ол хабарларды жоймайды. Бұл ақпарат TargetMailbox және TargetFolder параметрлерін Пошта жәшігін іздеу командлетімен бірге пайдалану арқылы сіз анықтайтын пошта жәшігі мен қалтаға жіберілген электрондық пошта хабарына тіркелген үтірмен бөлінген мән (CSV) файлында беріледі. Журналды қарап шыққаннан соң, іздеу шарттарын жақсартып, қажетінше тек іздеу журналын қайта іске қосуға немесе іздеуді DeleteContent параметрімен іске қосуға болады.

Үшіншіден, бірінші жарамсыз хабарды пайдаланушының пошта жәшігінен жоюдан бұрын, оның көшірмесін жасау керек, қажет болса, кейінірек оған кіруге болады. Оны TargetMailbox және TargetFolder параметрлерін хабарды жою үшін іске қосқан командлетке қосыңыз.

Беттің үстіңгі жағы

Хабарларды іздеу және іздеу нәтижелерін журналға тіркеу

Пошта жәшігін іздеу командлетімен не істеу керек туралы кейбір мысалдарға қарап көрейік. SearchQuery параметрі үшін мәнге қосатын хабар сипаттамаларының тізімін Іздейтін электрондық пошта сипаттамасы бөлімінен көріңіз.

Бір пошта жәшігін іздеу

Келесі пәрмен Тақырып жолындағы белгілі бір мәні бар хабарларды ұйымдағы белгілі бір пошта жәшігінен іздеп, нәтижелері бар хабарды мақсатты поштаға жібереді. Хабарлар ізделген пошта жәшігінен жойылмайды.

Search-Mailbox -Identity <name> -SearchQuery subject:"<verbatim subject line>" -TargetMailbox <name of mailbox> -TargetFolder <name of folder> -LogOnly -LogLevel Full

Мысалы   Келесі пәрмен Тақырып жолында Осы файлды жүктеу деген тіркес бар хабарды Перизат Пернебектің пошта жәшігінен іздеп, іздеу нәтижелерін әкімшінің пошта жәшігіндегі SearchLogs қалтасына тіркейді.

Search-Mailbox -Identity "Pillar Pinilla" -SearchQuery subject:"Download this file" -TargetMailbox Administrator -TargetFolder SearchLogs -LogOnly -LogLevel Full
Барлық пошта жәшіктерін іздеу

Келесі пәрмен белгілі бір файл тіркелген хабарларды ұйымдағы барлық пошта жәшіктерінен іздеп, нәтижелері бар хабарды мақсатты поштаға жібереді. Хабарлар ізделген пошта жәшіктерінен жойылмайды.

Get-Mailbox -ResultSize unlimited | Search-Mailbox -SearchQuery attachment:<filename> -TargetMailbox <name of mailbox> -TargetFolder <name of folder> -LogOnly -LogLevel Full

Мысалы   Келесі пәрмен Троян деп аталатын тіркелген кез келген файл түрі бар хабарларды барлық пошта жәшіктерінен іздеп, әкімшінің пошта жәшігіне журнал хабарын жібереді.

Get-Mailbox -ResultSize unlimited | Search-Mailbox -SearchQuery attachment:trojan* -TargetMailbox Administrator -TargetFolder SearchLogs -LogOnly -LogLevel Full

Беттің үстіңгі жағы

Хабарларды іздеп, жою

Келесі пәрмен барлық пошта жәшіктерін іздейді және Тақырып жолындағы белгілі бір мәтіні бар кез келген хабарды жояды.

Get-Mailbox -ResultSize unlimited | Search-Mailbox -SearchQuery subject:<verbatim subject line> -DeleteContent

Мысалы   Келесі пәрмен Осы файлды жүктеу деген тақырып жолы бар хабарлар үшін барлық пошта жәшіктерін іздеп, оларды біржолата жояды.

Get-Mailbox -ResultSize unlimited | Search-Mailbox -SearchQuery subject:"Download this file" -DeleteContent

Маңызды   Хабарларды біржолата жоймастан бұрын, оларды жою алдында, іздеуден табылған олардың журналын жасау үшін LogOnly параметрін пайдалануды немесе хабарларды ресурстық пошта жәшігінен жоймастан бұрын, оларды басқа пошта жәшігіне көшіруді ұсынамыз.

Жою алдында хабарды көшіру

Келесі пәрмен Тақырып жолындағы белгілі бір мәтіні бар кез келген хабар үшін барлық пошта жәшіктерін іздейді, нақты іздеу нәтижелерін қалтаға көшіріп, іздеу шарттарына сәйкес келетін барлық хабарларды жояды.

Get-Mailbox -ResultSize unlimited | Search-Mailbox -SearchQuery subject:<verbatim subject line> -TargetMailbox <name of mailbox> -TargetFolder <name of folder> -DeleteContent

Мысалы   Келесі пәрменОсы файлды жүктеу тақырып жолы бар кез келген хабар үшін барлық пошта жәшіктерін іздейді, әкімшінің пошта жәшігіндегі нақты іздеу нәтижелерін DeletedMessages қалтаға көшіріп, хабарларды пайдаланушылардың пошта жәшіктерінен біржолата жояды.

Get-Mailbox -ResultSize unlimited | Search-Mailbox -SearchQuery subject:"Download this file" -TargetMailbox Administrator -TargetFolder DeletedMessages -DeleteContent

Беттің үстіңгі жағы

Іздеуге арналған электрондық пошта хабарының сипаттары

Төмендегі кестеде SearchQuery параметріне арналған мәнді қосуға болатын жалпы хабар сипаттары тізілген.

 

Сипат Мысалы Іздеу нәтижелері

Тіркемелер

тіркеме:жылдықесеп.ppt

жылдықесеп.ppt атты тіркемесі бар хабарлар. тіркеме:жылдықесеп.ppt немесе тіркеме:жылдық* сұрауларын пайдалану тіркеменің толық атын пайдаланғандағыдай нәтижелерді қайтарады.

Көшірме

cc:"aigerims singh"

cc:aigerims

aigerims@fineartschool.edu

Көшірме өрісінде Гүлбану Ізбасар бар хабарлар

Кімнен

кімнен:Мақсат Сағатов

кімнен:макс

кімнен:maxs@contoso.com

Мақсат Сағатов жіберген хабарлар

Жіберілген

жіберілген:10/19/2010

2010 жылдың 19 қазанда жіберілген хабарлар

Тақырып

тақырып:«тоқсандық қаржы есептері»

Тақырып жолында «Тоқсандық қаржы есептері» дәл фразасы бар хабарлар

Кімге

кімге:Жазира Лесбаева

кімге:жазира

кімге:jaziral@contoso.com

Жазира Лесбаеваға жіберілген хабарлар

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.