IMAP немесе POP қатынасына арналған Outlook 2010 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгісіне орнату

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2012-05-29

POP3 немесе IMAP4 протоколдарын пайдалана отырып Microsoft Outlook 2010 бағдарламасын қосуыңызға болады.

importantМаңызды:
Outlook 2010 бағдарламасын пайдаланып жатсаңыз, электрондық поштаңыздың тіркелгісіне қосылу үшін POP3 немесе IMAP4 протоколын емес, Exchange тіркелгісін пайдалануды ұсынамыз. Exchange тіркелгісін пайдалану, IMAP4 немесе POP3 арқылы қосылған жағдайда алынбайтын күнтізбе жасауды және бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Outlook 2010 тіркелгісін пайдаланып Exchange бағдарламасына қосылу туралы ақпаратты Outlook 2010 немесе Outlook 2013 бағдарламасында электрондық поштаны орнату бөлімінен қараңыз.
IMAP немесе POP протоколына арналған Outlook 2007 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгісіне реттеу әдісі

  1. Outlook 2010 ашыңыз. Microsoft Outlook 2010 іске қосу шебері атвоматты түрде көрсетілсе, шебердің бірінші бетінде Келесі түймешігін басыңыз. Содан кейін, электрондық пошта тіркелгісін орнату үшін шебердің Электрондық пошта тіркелгілері бетінде Келесі түймешігін қайтадан басыңыз.

    Microsoft Outlook 2010 іске қосу шебері шықпаса, Outlook 2010 құралдар тақтасында Файл қойындысын басыңыз. Содан кейін, Тіркелгі параметрлері түймешігінің үстінде Тіркелгіні қосу түймешігін басыңыз.

  2. Сервер параметрлерін немесе қосымша сервер түрлерін қолдан теңшеу параметрін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Шебердің Қызметті таңдау бетінде Интернеттегі электрондық пошта параметрін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  4. Интернеттік электрондық пошта параметрлері бетінде мына ақпараттарды беріңіз:

    Пайдаланушы ақпараты ішінде:

    1. Атыңызжолағына осы тіркелгіден электрондық пошта жіберген кезде көргіңіз келетін пайдаланушылардың атын енгізіңіз.

    2. Электрондық пошта мекенжайы жолағына электрондық поштаның мекенжайын енгізіңіз.

    Сервер туралы ақпарат ішінде:

    1. Тіркелгі түрі ішінде IMAP немесе POP3 протоколын таңдаңыз. IMAP протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдалануды ұсынамыз.

    2. Кіріс пошта сервері жолағына IMAP немесе POP сервері атын енгізіңіз. Кіріс POP3 немесе IMAP4 сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?бөлімінің төменгі бөлігін қараңыз.

    3. Шығыс пошта сервері (SMTP) жолағына SMTP сервер атын енгізіңіз. Шығыс (SMTP) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? бөлімінің төменгі бөлігін қараңыз.

    Жүйеге кіру ақпараты ішінде:

    1. Пайдаланушы аты жолағына электрондық поштаның мекенжайын енгізіңіз.

    2. Құпиясөз жолағына құпиясөзді енгізіңіз. Егер Outlook бағдарламасы құпиясөзді есте сақтап қалуын қаласаңыз, Құпиясөзді есте сақтау тұсына белгінің қойылғанын тексеріңіз.

  5. Беттің төменгі оң жағында Қосымша параметрлер түймешігін басыңыз және Интернеттік электрондық пошта параметрлері диалогтық терезесін төмендегідей толтырыңыз:

    Шығыс сервер қойындысында Шығыс серверім (SMTP) түпнұсқалықты растауды талап етеді тармағын таңдаңыз.

    Қосымша қойындысында:

    1. Кіріс сервері (IMAP) немесе Кіріс сервері (POP3) ішіндегі Шифрланған қосылымның мына түрін пайдалану қасында орналасқан ашылмалы тізімдегі SSL тармағын таңдаңыз.

    2. Шығыс сервері (SMTP) ішіндегі Шифрланған қосылымның мына түрін пайдалану қасында орналасқан TLS тармағын таңдап, OK түймешігін басыңыз.

    3. Егер POP3 протоколын пайдаланып жатсаңыз және хабарлардың көшірмелерін серверде сақтағыңыз келсе, Жеткізу ішіндегі Хабарлардың көшірмесін серверде сақтау түймешігін басыңыз. Егер осы параметрді таңдағыңыз келмесе, хабарлар серверден жойылады және компьютерде сақталады.

  6. Жаңа тіркелгі қосу бетінде Келесі түймешігін басыңыз. Outlook 2010 тіркелгіңізді тексергеннен кейін Тіркелгі параметрлерін тексеру тілқатысу терезесін жабу үшін Жабу түймешігін басыңыз.

  7. Құттықтаулар бетінде Аяқтау түймешігін басыңыз.

  8. Тіркелгі параметрлері бетіндегі Жабу түймешігін басыңыз.

  9. Егер IMAP4 протоколын пайдаланып жатсаңыз, қосылған пошта серверіне қалталар қотарғыңыз келетініңізді сұрайтын хабар шығады. Иә түймешігін басыңыз. Сервер және жергілікті компьютеріңіздің арасында синхрондалатын қалталарды таңдау үшін Outlook 2010 пайдаланушы тілдесуін пайдаланып, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Outlook 2010 бағдарламасын пайдалану туралы ақпарат үшін Outlook 2010 бағдарламасымен бірге берілетін Анықтама құжаттамасын қараңыз.

Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?

POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

4873755a-8b1e-497e-bc54-101d1e75d3e7

Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі POP параметрі немесе IMAP параметрі және SMTP параметрі ішіндегі Протокол параметрлері бетінде көрсетілген.

noteЕскертпе:
Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қол жетімді емес деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Егер сіз POP3 немесе IMAP4 протоколын пайдалану керектігін білмесеңіз, IMAP4 протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланып көріңіз.

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, POP3 немесе IMAP4 арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. POP3 немесе IMAP4 арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.