Әңгімелесулер туралы қосымша білу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2009-09-14

Оқу аймағы қосылғанда, Outlook Web App бағдарламасы әдепкісінше электрондық поштаның барлық қалталарында әңгімелесу көрінісін пайдаланады. Әңгімелесу көрінісі әңгімелесудегі әрбір хабарды жеке көрініспен көрсетеді.

Әңгімелесу көрінісі қалай пайдаланылады?

Әңгімелесу көрінісі барлық хабарларды қай қалтада сақталғанына қарамастан көрсетеді. Мысалы, егер сіз «Кіріс» қалтасындағы хабарға жауап берсеңіз, бастапқы хабар мен жауабыңыздың екеуін де әңгімелесу көрінісінде көресіз.

Тізім көрінісінде әңгімелесуді кеңейту немесе тасалау үшін әңгімелесудің жанындағы көрсеткіні пайдаланыңыз. Тізім көрінісінде төмендегілер көрсетіледі:

  • Әңгімелесудің жоғарғы жағындағы тақырып.

  • Әр хабарды жіберген адам.

  • Хабар ағымдағы қалтада сақталғанда, оның алынған уақыты.

  • Хабар ағымдағы қалтада болмағанда, сақталған қалта.

  • Хабардың және әңгімелесудегі тік сызық пен нүктелермен көрсетілген басқа хабарлардың қарым-қатынасы.

Хабарды оқу аймағында көру үшін оны әңгімелесу көрінісінде басуға болады.

Оқу аймағында хабарды кеңейту немесе тасалау үшін сол хабардың жанындағы көрсеткіні пайдалануға болады. Оқу аймағында төмендегілер көрсетіледі:

  • Оқу аймағының жоғарғы жағындағы тақырып.

  • Әр хабардың жіберушісі.

  • Әр хабар алынған күн.

Хабар оқу аймағында кеңейтілгенде, төмендегілерді де көресіз:

  • Жауап болып табылатын хабар (болғанда).

  • Хабар ағымдағы қалтаға сқталмағанда, жіберуші атының астындағы хабар тікелей тұратын қалта.

  • Аттарының жанында түрлі түсті нүктемен көрсетілген IM арналған жіберушілер мен алушылардың қол жетімді болуы. Орындалатын әрекеттердің тізімін көру үшін нүктені басыңыз.

  • Әрекеттер мәзірі. Хабарға қатысты орындалатын әрекеттердің тізімін көру үшін Әрекеттер түймешігін басыңыз.

  • Хабардың және әңгімелесудегі тік сызық пен нүктелермен көрсетілген басқа хабарлардың қарым-қатынасы.

Хабарға әңгімелесу көрінісінде қалай жауап беріледі?

Хабар әңгімілесу көрінісінде таңдалғанда, ең соңғы хабар ерекшеленеді. Егер сіз Жауап беру жауап беру, Барлығына жауап беру немесе Қайта жіберу бағытын өзгерту түймешігін бассаңыз, хабарға жауап беріледі немесе қайта жіберіледі.

Әңгімелесудегі басқа хабарға жауап беру немесе қайта жіберу үшін сол хабарды ерекшелеуге таңдап, Жауап беру жауап беру, Барлығына жауап беру немесе Қайта жіберу бағытын өзгерту түймешігін басыңыз. Хабарды тізім көрініснде немесе оқу аймағында таңдауға болады.

Сондай-ақ, хабарға қатысты әрекеттер тізімін, оның ішінде жауап беруді көру үшін хабардағы Әрекеттер түймешігін басуға болады.

Әңгімелесу көрінісі қалай қосылады немесе өшеді?

Тізім көрінісінде Ретке келтіру түймешігін басып, әңгімелесу көрінісін қосу (белгіленген) немесе өшіру (белгісі алынған) үшін Әңгімелесу параметріне құсбелгі қойыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Әңгімелесуді толығымен немесе әңгімелесудің бөліктерін ғана жоюға болады. Сондай-ақ, әңгімелесуді елемеуге болады. Қосымша ақпаратты Хабарды жою бөлімінен қараңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.