Android G1 телефонына электрондық пошта орнату

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2012-02-16

Android ұялы телефонында Exchange тіркелгісін пайдалану арқылы электрондық поштаны теңшеуге болады. Егер сізде басқа телефон болса, Ұялы телефон мүмкіндіктері бөлімін қараңыз. Егер де аталмыш қадамдарды қолданған соң құрылғыға қосылу қиындық туғызып жатса, берілген көмекші тармақтың соңындағы «Мен қосымша не білуім қажет?» бөлімін қараңыз.

Android ұялы телефонына Exchange ActiveSync қызметін қалай орнатамын?

  1. Бағдарламалар мәзірінен Электрондық пошта түймешігін таңдаңыз. Бұл бағдарлама кейбір Android нұсқаларындағы Пошта атымен атала алады.

  2. Өзіңіздің толық электрондық пошта мекенжайыңызды, мысалы, tony@contoso.com, және құпия сөзіңізді енгізіңіз, содан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Exchange тіркелгісі түймешігін таңдаңыз. Бұл опция Android кейбір нұсқаларында көрсетілген Exchange ActiveSync атымен атала алады.

  4. Келесі тіркелгі ақпаратын енгізіп, Келесі түймешігін таңдаңыз.

    • Домен\Пайдаланушының аты   берілген жолақта өзіңіздің толық аты-жөніңізді жазыңыз. Егер Домен және Пайдаланушының аты Android нұсқасында бөлек мәтін жолақтарымен берілсе, Домен жолағын бос қалдырып Пайдаланушының аты жолағында өзіңіздің толық аты-жөніңізді жазыңыз.

      noteЕскертпе:
      Кейбір Android нұсқаларында сізге домен\пайдаланушының аты пішінін қолдануыңыз керек. Мысалы, сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз tony@contoso.com болса, contoso.com\tony@contoso.com.деп теріңіз. Сіздің пайдаланушы атыңыз өзіңіздің толық электрондық пошта мекенжайыңыз болып табылады.
    • Құпиясөз   Тіркелгіге кіру үшін пайдаланатын құпиясөзді пайдаланыңыз.

    • Exchange Server   Exchange серверінің мекенжайын пайдаланыңыз. Осы мекенжайды табу үшін кейінірек осы бөлімнен «Сервер атауын табу» тармағын қараңыз.

  5. Сіздің телефоныңыз сервер параметрлерін тексеріп болған соң, Тіркелгі опциялары экраны пайда болады. Сіздің құрылғыңызда қолжетімді опциялар Android нұсқаларына бағынады. Опциялар келесі нәрселерден тұрады:

    • Электрондық пошта тексеру жиілігі   Әдепкі мәні автоматты (жылжытыңыз). Осы опцияны таңдаған кезде, телефоныңызға электрондық пошта хабарлары түскен сайын жіберіліп тұрады. Шектеусіз деректер жоспары бар болса, осы параметрді ғана таңдау ұсынылады.

    • Синхрондалатын саны   Бұл ұялы телефонда сақтағыңыз келетін пошта саны. Бір күн, үш күн және бір аптаны қамтитын бірнеше параметрден таңдауға болады.

    • Электрондық пошта түскенін маған ескертіп тұрыңыз   Осы опцияны таңдасаңыз, сіздің ұялы телефоныңыз жаңа электрондық хабар алғандығын ескертеді.

    • Контактілерді осы тіркелгіден синхрондау   Осы параметрді таңдасаңыз, контактілер телефон және тіркелгі арасында синхрондалады.

  6. Келесі түймешігін таңдап, осы тіркелгі үшін және электрондық поштаны басқаларға жібергенде көрсетілгенді қалайтын атауды еңгізіңіз. Электрондық поштаны орнатуды аяқтағанда және тіркелгіні пайдалана бастағанда Аяқтау түймешігін басыңыз.

    tipКеңес:
    Электрондық пошта жіберіп не алмастан бұрын, тіркелгіні орнатып болған соң сіз он-он бес минут күтіп қалуыңыз мүмкін.
Сервер атауын табу

Сервер атауын анықтау үшін келесі қадамдарды пайдаланыңыз:

  1. Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып тіркелгіге кіріңіз.

  2. Outlook Web App құралдар тақтасынан Көмек > Туралы түймелерін басыңыз.

  3. Туралы бетінен, Сыртқы POP параметрлері жолының астыңғы жағында, өзіңіздің сервер атауыңызды айқындауға көмек беретін Сервер атауы мәнін пайдаланыңыз:

    • Егер Сыртқы POP параметрлері > Сервер атауы мәні сіздің ұйымыңыздың атынан тұрса, мысалы, pop.contoso.com, онда сіздің сервер атауыңыз /owa.қолданбай-ақ Outlook Web App сервер атауымен бірдей болады. Мысалы, Outlook Web App бағдарламасына кіру үшін пайдаланылатын мекенжай https://mail.contoso.com/owa болса, Exchange ActiveSync сервер атауы mail.contoso.com болады.

    • Егер Сыртқы POP параметрлері > Сервер атауы мәні podxxxxx.outlook.com пішінінде берілсе, сіздің Exchange ActiveSyncсервер атауыңыз m.outlook.com деп жазылады. Кейбір жағдайларда Android мобильді құрылғылар m.outlook.com сервер атауын пайдаланып жатқан кезде байланыс қиындықтарына тап болады. Егер байланыс қиындықтары туындап жатса, Хост атауы деген Туралы бетіндегі жолға өтіңіз. Хост атауы жолының астында берілген мәнді Exchange ActiveSync сервер атауы үшін құрылғыңызда қолданыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, мобильді телефон арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. Мобильді телефонды пайдалану арқылы қосыңыз. Outlook Web App пайдалану арқылы тіркелгіге қалай қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімін қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Сіз электрондық пошта тіркелгі параметрлерінде Хост атауын Exchange сервер атауы ретінде қолдансаңыз, онда аталмыш параметр біраз уақыт аралығында өзгеретінін білуіңіз керек. Мысалы, сіздің пайдаланушы пошта жәшігіңіз басқа серверге ауысатын жағдайда немесе серверді уақытша жаңарту кезінде ауысу орын алса, онда сіздің пошта жәшігіңіздің Хост атауы өзгереді.

  • Егер сіз IT маманы немесе электрондық пошта әкімшісі болсаңыз, жұмыс барысында кездесуге ықтимал байланыс мүмкіндігінің қиындықтары туралы толық ақпарат алу үшін келесі блог хабарын Exchange ActiveSync клиент байланыс мүмкіндігі 365 кеңсесінде оқыңыз.

    noteЕскертпе:
    Әр блогтың мазмұны мен URL мекенжайы ескертусіз өзгертіледі. Әр блогтың ішіндегі мазмұн кепілдіктерсіз «СОЛ ҚАЛПЫНДА» беріледі және ешқандай құқықтар берілмейді. Қамтылған сценарий үлгілері мен код Microsoft пайдалану шарттарында көрсетілген шарттарға бағынады.
 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.