DNS ақаулықтарды түзету

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-12-16

Егер сіз бұлтқа негізделген Exchange ұйымыңызға хабар ағынымен байланысты немесе Outlook арқылы бұлтқа негізделген пошта жәшігін ашумен байланысты қиындықтарға кез болсаңыз, доменіңізді тексеру үшін Microsoft Exchange Remote Connectivity Analyzer (ExRCA) бағдарламасын пайдалануға болады. Немесе доменіңіздің DNS жазбасын көру үшін Nslookup пәрмен жолының қызметтік бағдарламасын пайдалануға болады.

Доменіңізді Exchange Remote Connectivity Analyzer бағдарламасымен тексеру

Домендегі келесі ақауларды жою үшін https://www.testexchangeconnectivity.com сілтемесіндегі тексерулерді пайдаланыңыз:

Ескертпе   Доменіңізде орындауға болатын бірнеше басқа тексерулер ExRCA бағдарламасында бар. Бірақ осы тексерулердің кейбіреуі тек жергілікті Microsoft Exchange ұйымына ғана қатысты.

Кіріс хабар ағынын тексеру

ExRCA пайдаланылатын кіріс хабар ағынын тексеру үшін Интернет электрондық пошта тексерулері астынан Кіріс SMTP Электрондық пошта параметрін таңдаңыз. Бұл тексеру осы доменнің барлық MX жазбаларын шығарып алады да, әрбір MX жазбасында мына тексеру әрекеттерін орындайды:

  1. MX жазбасында орналастыру атын IP мекенжайымен салыстырып көреді.

  2. MX жазбасында ол TCP 25 портындағы орналастыру атына қол жетімділікті тексереді. TCP 25 порты SMTP пайдаланылатын порт.

  3. Ол сіз көрсететін домендегі тіркелгіге сынақ хабарын жібереді.

  4. MX жазбасында көрсетілген орналастыру атының таралуын тексереді. ашық қайта жіберу хабарларды қайта жібереді немесе шын қайнар көзді жасыру үшін түрлі серверді пайдаланып хабарды «қайта жібереді». Бұл соңғы тексерудің бұлтқа негізделген Exchange доменіне қатысты емес екенін ескеріңіз, себебі бұлтқа негізделген доменді әдейі немесе байқаусызда ашық ретранслятор етіп теңшеу мүмкін емес.

Доменіңіз үшін поштаны бағыттайтын MX жазбасын растау үшін және хабар ағынын тексеру үшін кіретін SMTP элекрондық поштаның тексеруін пайдаланыңыз

  1. https://www.testexchangeconnectivity.com торабын ашыңыз.

  2. Интернеттегі электрондық пошта тексерулері астынан Кіріс SMTP электрондық пошта тексеруі параметрін таңдаңыз да, Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Кіріс SMTP электрондық поштасы бөлімінде доменіңізде admin@contoso.edu сияқты тіркелгінің электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

    Ескертпе   Ол сіз көрсететін домендегі тіркелгіге тесттік хабар жіберуге әрекеттеніп көреді. Бұлтқа негізделген доменіңізде іске қосылған тіркелгілер жоқ болса сынақтың сол бөлшегі сәтсіз аяқталады.

  4. Тексеру бөлімінде CAPTCHA кескінінде көрсетілетін әріптерді енгізіңіз де, Тексеруді орындау пәрменін таңдаңыз.

  5. Тексеру аяқталғаннан кейін төмендегілерді орындауға болады:

    • Есептегі ақпаратты сақтау үшін Көшіру түймешігін басыңыз. Содан соң ақпаратты мәтіндік файлға қоюға болады.

    • Тексерудің нәтижелерін көру үшін Барлығын шығарып алу түймешігін басыңыз.

Сонымен бірге, домен иелігін растау үшін MX жазбасын жасасаңыз, жалпы Кіріс SMTP электрондық поштасы тексеруі әрқашан орындалмайды. Тексеру нәтижелерін түсіну үшін Тексеру қадамдары бөлімін көріңіз. Әр MX жазбасы үшін сіз екі Mail Exchanger тексеру тексерулерін көресіз:

  • Mail Exchanger тексеру <таңбалауышы>.mail.outlook.com.   Ол поштаны бағыттау үшін пайдаланылатын MX жазбасын тексереді. Бұл қадам және барлық ішкі қадамдар сәтті болады.

  • Mail Exchanger тексеру <таңбалауышы>.msv1.invalid.   Ол домен иелігін растау үшін пайдаланылатын MX жазбасын тексереді. Бұл тексеру әрқашан орындалмайды, өйткені бұл MX жазба электрондық поштаны бағыттауға арналмаған.

Беттің үстіңгі жағы

Outlook пошта жәшігіне қосылу мүмкіндігін тексеру

ExRCA арқылы Outlook бағдарламасының пошта жәшігіне қосылуын тексеру үшін Microsoft Office Outlook қосылуын тексеру астынан Outlook автоматты анықтау параметріне таңдаңыз. Бұл тексеру «Автоматты анықтау» қызметімен байланысу үшін үш түрлі әдісті пайдаланады. Тек «HTTP қайта жіберу әдісі» сәтті болуы күтіледі. Сынақ келесі әрекеттерді орындайды:

  1. MX жазбасында орналастыру «<автоматты анықтау домен аты>» IP мекенжайымен салыстырып көреді.

  2. Ол TCP 80 портының < автоматты анықтау домен аты> болған қол жетімділікті тексереді. TCP 80 порты HTTP пайдаланылатын порт.

  3. Ол «<автоматты анықтау домен аты>» HTTP қайта жіберу жауабын тексереді.

  4. Ол HTTP бұрынғы нәтижелерден URL қайта жіберу жарамдылығын тексереді.

Outlook автоматты анықтау тексеруін Outlook бағдарламасының пошта жәшігіне қосылуын және доменіңізге арналған CNAME автоматты анықтау жазбасын тексеру үшін пайдалану

  1. https://www.testexchangeconnectivity.com торабын ашыңыз.

  2. Microsoft Office Outlook қосылуын тексеру астынан Outlook автоматты анықтау параметрін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Outlook Автоайқындау бөлімінде мына ақпаратты енгізіңіз:

    • Электрондық пошта мекенжайы Бұлтқа негізделген доменіңізде testuser@contoso.edu сияқты тіркелгінің электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

    • Домен\Пайдаланушы аты (немесе UPN)   Бұдан алдыңғы өрісте енгізілген электрондық пошта мекенжайын енгіңіз, мысалы admin@contoso.edu.

    • Құпиясөз   Бұрынғы қадамдарда көрсетілген тіркелгіге құпиясөзді енгізіңіз және растаңыз.

    • SSL үшін сенімді елемеу   Бұл жерге белгі қоймаңыз.

  4. Қауіпсіздік ескертуін қабылдау үшін белгі қойыңыз.

    Ескертпе   Қауіпсіздік ескертуінде және Хабарлау бөлімінде суреттелгендей мүмкіндік болса, уақытша тексеру тіркелгісін пайдаланып, тексеруді аяқтаған соң тіркелгіні өшіруге кеңес береміз.

  5. Тексеру бөлімінде CAPTCHA кескінінде көрсетілетін әріптерді енгізіңіз де, Тексеруді орындау пәрменін таңдаңыз.

  6. Тексеру аяқталғаннан кейін төмендегілерді орындауға болады:

    • Есепте ақпаратты сақтау үшін Көшіру түймешігін басуға болады. Содан соң ақпаратты мәтіндік файлға қоюға болады.

    • Тексеру нәтижелерін көру үшін Шығарып алу/Тасалау пәрменін басыңыз.

«Автоматты анықтауға HTTP қайта жіберу арқылы қосылуда» астындағы сынақ нәтижелеріне ерекше назар аударыңыз. Бұлтқа негізделген доменіңіз үшін CNAME автоматты анықтау жазбасы дұрыс теңшелсе, барлық тексерулер сәтті аяқталуы керек.

«Автоматты анықтау қызметіне хабарласудың әрбір әдісін қолдану» астындағы төмендегі тексерулер CNAME автоматты анықтау жазбасы дұрыс теңшелсе де сәтсіз болады:

  • Ықтимал AutoDiscover URL тексеруге әрекеттену https://<домен атауы>/AutoDiscover/AutoDiscover.xml

  • Ықтимал AutoDiscover URL тексеруге әрекеттену https://autodiscover.<домен атауы>/AutoDiscover/AutoDiscover.xml

Беттің үстіңгі жағы

DNS жазбаларын Nslookup мүмкіндігімен қарау

Доменіңіздің DNS жазбасын көру үшін Microsoft Windows барлық нұсқаларына енгізілетін Nslookup құралын пайдалануға болады.

Ескертпе   Сіздің ұйымыңыздағы желіде қойылатын брандмауэр немесе интернет прокси шектеулер Nslookup құралының жұмысына кедергілер келтіруі мүмкін.

Сонымен бірге, келесі қадамдарда домен атын енгізгеніңізде әрқашан артынан нүкте қойыңыз. Соңындағы нүкте ( . ) толығымен анықталған домен атауын (FQDN) көрсетеді. Нүктені пайдалану сіздің желіңіз үшін кез келген әдепкі DNS суффикстарды байқаусызда сіздің домен атыңызға қосылудың алдын алады.

MX жазбаларын көру

Пәрмен жолын ашыңыз да, келесі пәрменді орындаңыз:

Nslookup -type=MX <domain name>.

Мысалы, доменіңіздің аты contoso.edu болса, келесі пәрменді іске қосыңыз:

Nslookup -type=MX contoso.edu.

Доменден кейінгі нүктеге назар аударыңыз. Екі MX жазбасы болса, біреуі домен иелігін растау үшін, ал біреуі поштаны бағыттау үшін, пәрменнің нәтижесі келесіге ұқсайды:

contoso.edu   MX preference=10, mail exchanger = e0e792760b25459f40912aae164e0a.mail.outlook.com
contoso.edu   MX preference=100, mail exchanger = msv1.invalid

Беттің үстіңгі жағы

CNAME автоматты анықтау жазбасын көру

Пәрмен жолын ашыңыз да, келесі пәрменді орындаңыз:

Nslookup -type=CNAME autodiscover.<domain name>.

Мысалы, доменіңіздің аты contoso.edu болса, келесі пәрменді іске қосыңыз:

Nslookup -type=CNAME autodiscover.contoso.edu.

Доменден кейінгі нүктеге назар аударыңыз. Осы пәрмен арқылы жасалған шығыс мынаған сәйкес келуі мүмкін:

autodiscover.contoso.edu   canonical name = autodiscover.contoso.edu

Беттің үстіңгі жағы

TXT жазбаларын көру

Пәрмен жолын ашыңыз да, келесі пәрменді орындаңыз:

Nslookup -type=TXT <domain name>.

Мысалы, доменіңіздің аты contoso.edu болса, келесі пәрменді іске қосыңыз:

Nslookup -type=TXT contoso.edu.

Доменден кейінгі нүктеге назар аударыңыз. Екі TXT жазбасы болса, біреуі мақсатты электрондық пошта жүйелері сіздің доменнен жіберілген хабарларға сенетінін қамтамасыз ету үшін, ал біреуі домен иелігін растау үшін, пәрменнің нәтижесі келесіге ұқсайды:

contoso.edu   text = "v=spf1 include:outlook.com ~all"
contoso.edu   text = "v=msv1 t=e0e792760b25459f40912aae164e0a"

Беттің үстіңгі жағы

SRV жазбаларын көру

Ескертпе   Бұл мысалда сипатталған SRV жазбасы тек Live@edu қызметінде пайдаланылады.

Пәрмен жолын ашыңыз да, келесі пәрменді орындаңыз:

Nslookup -type=SRV _sipfederationtls._tcp.<domain name>.

Мысалы, доменіңіздің аты contoso.edu болса, келесі пәрменді іске қосыңыз:

Nslookup -type=SRV _sipfederationtls._tcp.autodiscover.contoso.edu.

Доменден кейінгі нүктеге назар аударыңыз. Осы пәрмен арқылы жасалған шығыс мынаған сәйкес келуі мүмкін:

_sipfederationtls._tcp.contoso.edu   SRV service location:
   priority    = 10
   weight    = 2
   port    = 5061
   svr hostname    = federation.messenger.msn.com

Беттің үстіңгі жағы

Nslookup нәтижелерінің ақаулықтарын жою

Егер кез келген DNS жазбалары дұрыс емес болса немесе DNS жазбаларымен байланысты болған қызметтер істемей жатса, келесі қателер орын алуы мүмкін:

  • Жазбаны жасағанда типографиялық қате жасау өте оңай. DNS жазбаларын жасаған кезде дұрыс мәндерді пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз.

  • Кейбір DNS орналастыру қызметтері бір веб-басқару интерфейсін пайдаланып, бірнеше домендерді қолдайды, сол үшін DNS жазбалардың белгілі түрлері үшін еншілес домен атын көрсету үшін @ енгізуді талап етеді. @ орнына домендің нақты атын енгізу DNS жазбасында күтілмеген нәтижелерге алып келуі мүмкін.

  • DNS орналастыру қызметтері 0 тең MX маңызды мәнді қолдамайды. 0 орнына MX поштаны бағыттау жазбасында өнеркәсіпте стандаррты болып есептелетін 10 санын пайдаланыңыз.

Беттің үстіңгі жағы

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.