Бұл тақырып бейнені қамтиды Бұл тақырып бейнені қамтиды

Тіркелгіңізге IMAP немесе POP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланып қатынасыңыз

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2012-07-31

Егер сіздің электрондық поштаңыздың тіркелгісіне POP3 және IMAP4 протоколдарын қолдайтын болса, тіркелгіңізге қосылу үшін сіз бірнеше түрлі POP3 және IMAP4 электрондық пошта бағдарламаларынан таңдауға болады. Әрбір электрондық пошта бағдарламасы қолдайтын мүмкіндіктер әр түрлі болуы мүмкін. Нақты POP3 және IMAP4 электрондық пошта бағдарламалары ұсынатын мүмкіндіктер туралы ақпарат алу үшін, әрбір бағдарламада болатын құжаттарды қараңыз.

Егер пайдаланып жатқан электрондық пошта бағдарламасы Exchange тіркелгілерін қолдаса (мысалы, Microsoft Outlook, Microsoft Entourage 2008 немесе Mac үшін Apple Mail), тіркелгіде POP немесе IMAP байланысының орнына Exchange байланысын орнату ұсынылады. Exchange байланыстары POP немесе IMAP байланыстарымен салыстырғанда көбірек мүмкіндіктерге қолдау көрсетеді. Қосымша ақпаратты Қолдалатын электрондық пошта бағдарламалары және мүмкіндіктер бөлімінен қараңыз.

noteЕскертпе:
Егер сіз өзіңіздің электрондық пошта тіркелгіңіздің POP3 және IMAP4 протоколдарын қолдайтынын немесе қолдамайтынын білмесеңіз, пошта жәшігіңізді басқаратын адамға (кейде электрондық пошта әкімшісі деп аталады) хабарласыңыз.
Windows жүйесіндегі электрондық пошта бағдарламаларына арналған нұсқаулар

POP3 және IMAP4 бағдарламаларына арналған нұсқаулар

Егер сіз пайдаланып отырған бағдарлама жоғарыда көрсетілмеген болса, электрондық поштаңызды алу үшін оны орнату үшін мына ақпаратты пайдаланыңыз:

  • Пайдаланушының аты   Пайдаланушы атыңызды енгізіңіз (мысалы, tony@contoso.com).

  • Құпиясөз   Құпиясөзіңізді енгізіңіз.

  • Аутентификация   Кіріс немесе шығыс (жіберу) электрондық пошта серверінде шынайылықты растау үшін дәл сол пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдаланыңыз. «Құпия сөзді қауіпсіз тексеру» опциясын пайдаланбаңыз.

  • Сервер атаулары, порт нөмірлері және шифрлау әдістері   POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

    POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

    4873755a-8b1e-497e-bc54-101d1e75d3e7

    Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі Протокол параметрлері бетіндегі POP параметрі немесе IMAP параметрі астында және SMTP параметрі астында көрсетілген.

    noteЕскертпе:
    Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қолжетімсіз деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Secure Sockets Layer (SSL) және Transport Layer Security (TLS) – компьютеріңіз бен электрондық пошта серверіңіздің арасындағы қауіпсіз байланыстарға көмектесетін тәсілдер. Кейбір электрондық пошта бағдарламалары SSL немесе TLS протоколдарына «шифрланым» ретінде сілтеме береді. Көптеген электрондық пошта бағдарламаларында POP және IMAP қосылымдары үшін SSL және SMTP қосылымдары үшін TLS орнату үшін «Қосымша» параметрін немесе қойыншасын ашуыңыз керек.

  • Электрондық пошта бағдарламаңыз POP пайдаланылған жағдайда 110-портты, ал IMAP пайдаланылғанда 143-портты автоматты түрде пайдалануы мүмкін. Егер электрондық пошта бағдарламаңыз 110-шы немесе 143-ші портты көрсетсе, SSL шифрлауды таңдауды ұмытпаңыз. Содан кейін POP пайдаланылған жағдайда әдепкі порт нөмірін (110) ауыстыру үшін 995 немесе IMAP пайдаланылған жағдайда әдепкі порт нөмірін ауыстыру үшін (143) 993 порт нөмірін енгізіңіз.

  • Электрондық пошта бағдарламаңыз SMTP үшін 25 сервер портын автоматты түрде пайдалануға тырысуы мүмкін. Егер электрондық пошта бағдарламаңыз SMTP үшін 25-портты көрсетсе, TLS шифрлауды таңдауды ұмытпаңыз. Содан кейін 25 деп орнатылған әдепкі порт нөмірін ауыстыру үшін 587 санын енгізіңіз.

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, POP3 немесе IMAP4 арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. POP3 немесе IMAP4 арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.