Бұл тақырып бейнені қамтиды Бұл тақырып бейнені қамтиды

Outlook 2007 бағдарламасында электрондық поштаны орнату

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2013-01-21

Электрондық пошта мекенжайын және құпия сөз кіру ақпаратын пайдаланып тіркелгіге кіру үшін Office Outlook 2007 бағдарламасын автоматты түрде реттеуіңізге болады.

Егер Microsoft Office 365 пайдаланушысы болсаңыз, Outlook орнату алдында жұмыс үстелін реттеуіңіз керек. Қосымша ақпарат алу үшін Office 365 үшін Жұмыс үстелін реттеу мақаласын қараңыз.

noteЕскертпе:
Outlook 2007 бағдарламасы әр Outlook профилінде тек бір Exchange электрондық пошта тіркелгісін қолдайды. Егер Outlook 2007 профиліне екінші Exchange электрондық пошта тіркелгісін қосуға тырысқанда қате пайда болса, Exchange тіркелгісін Outlook 2007 бағдарламасымен пайдалану алдында жаңа профиль жасау қажет болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты осы тараудың соңындағы «Қосымша не білгенім жөн?» бөлімінен қараңыз.
Outlook 2007 бағдарламасын қалай орнату керектігі туралы бейнені көру

4873755a-8b1e-497e-bc54-101d1e75d3e7
Outlook 2007 бағдарламасын орнату әдісі

  1. Outlook 2007 ашыңыз. Microsoft Outlook 2007 іске қосу шебері атвоматты түрде көрсетілсе, шебердің бірінші бетінде Келесі түймешігін басыңыз. Содан кейін, электрондық пошта тіркелгісін орнату үшін шебердің Электрондық пошта тіркелгілері бетінде Келесі түймешігін қайтадан басыңыз.

    Outlook 2007 іске қосу шебері шықпаса, Құралдар тақтасында мәзірінде Тіркелгі параметрі түймешігін басыңыз. Тіркелгі параметрлері диалогтық терезесіндегі Электрондық пошта қойындысындағы Жаңа түймешігін басыңыз.

  2. Тіркелгіні автоматты орнату бетінде Outlook бағдарламасы компьютерге кіру әдісінің негізінде Атыңыз және Электрондық пошта мекенжайы параметрлерін автоматты түрде толтырғысы келуі мүмкін. Параметрлер толтырылса және дұрыс болса, Outlook бағдарламасы тіркелгіні орнатуды аяқтауы үшін Келесі түймешігін басыңыз.

    Тіркелгіні автоматты орнату бетіндегі параметрлер толтырылмаса немесе дұрыс емес болса, параметрлерді түзеткеннен кейін келесілерге назар аударыңыз:

    • Тіркелгіні автоматты орнату бетіндегі параметрлер толтырылмаса, электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адам берген ақпаратқа негізделіп дұрыс параметрлерді енгізіңіз.

    • Атыңыз жолағындағы ат дұрыс емес болса, атыңызды өңдеу алдында Тіркелгіні автоматты орнату бетіндегі параметрлерді қалпына келтіру қажет болуы мүмкін. Параметрлерді ысыру үшін Сервер параметрлерін немесе қосымша сервер түрлерін қолмен конфигурациялау ұяшығына белгі қойыңыз және алыңыз.

  3. Шебердің Тіркелгіні автоматты орнату бетінде Келесі түймешігін басқаннан кейін Outlook бағдарламасы электрондық пошта серверінің параметрлерін желіде іздеуді орындайды.

    Outlook 2007 бағдарламасы веб-сайтына тіркелгіні автоматты түрде реттеуге мүмкіндік беруді сұрайтын хабарды көрсетеді. Outlook бағдарламасы тіркелгіні жаңартып тұру үшін осы веб-сайтқа кезеңді түрде қосылып тұруы керек. Егер хабарды автоматты түрде орнату іске қосылғанда көргіңіз келмесе, Веб-сайт туралы қайта сұрамау тармағын таңдап, Рұқсат ету түймешігін басыңыз.

    Outlook 2007 тіркелгіңізді орнатуды жалғастырады. Outlook 2007 бағдарламасы тіркелгіге қосылмастан бұрын сізден пайдаланушы атыңыз және құпия сөзіңіз сұралады. Пайдаланушы аты ретінде толық электрондық пошта мекенжайыңызды (мысалы, tony@contoso.com) енгізгеніңізге көз жеткізіңіз. Қосылмастан бұрын пайдаланушы аты мен құпия сөзін бірнеше рет енгізуге кеңес беріледі.

    • Outlook бағдарламасы тіркелгіні орнатса, мына мәтінді көресіз: Электрондық пошта тіркелгіңіз Microsoft Exchange бағдарламасын пайдалануға сәтті конфигурацияланды. Дайын түймешігін басыңыз.

    • Егер Outlook бағдарламасы тіркелгіңізді орната алмаса, төмендегі «Қосымша не білуім керек» бөлімін қараңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, Outlook арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. Outlook арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Егер тіркелгіні автоматты түрде реттеу тіркелгіңізге сәтті қоса алмаса, мына әрекеттердің біреуін немесе бірнешесін жасаңыз:

    • Бірнеше минут күтіп, әрекетті қайталап көріңіз.

    • Егер электрондық пошта тіркелгісін дереу қосу керек болса, тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып қосылу үшін POP немесе IMAP протоколын қолдайтын веб-браузерді немесе электрондық пошта бағдарламасын пайдаланыңыз. Веб-браузерді пайдаланып қосылу туралы ақпарат алу үшін Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімін қараңыз. POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасын пайдаланып қосылу туралы ақпарат алу үшін Тіркелгіңізге IMAP немесе POP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланып қатынасыңыз бөлімін қараңыз.

    • Егер сіз пошта жәшігін басқаратын адамның (кейде электрондық пошта әкімшісі деп аталады) атын білсеңіз, оларға хабарласып, Outlook бағдарламасымен қосылу кезінде пайда болатын қателер туралы айтыңыз.

  • Outlook 2007 бағдарламасы әр Outlook профилінде тек бір Exchange электрондық пошта тіркелгісін қолдайды. Outlook бағдарламасы қосулы кезде профильге екінші Exchange тіркелгісін қосуға тырыссаңыз, мына қатенің пайда болуы мүмкін:

     

    Outlook бағдарламасы іске қосылып тұрғанда Microsoft Exchange тіркелгісін мына профильге қоса алмайсыз. Outlook бағдарламасынан шығып, Microsoft Exchange тіркелгісін қосу үшін Басқару тақтасындағы Пошта белгішесін пайдаланыңыз.

     

    Outlook профиліңізде Exchange тіркелгіңіз әлдеқашан болса, осы бөлімдегі қадамдарды орындау алдында ағымдағы профильді жою немесе жаңа профильді жасау қажет болуы мүмкін. Outlook профильдері туралы толық ақпаратты Microsoft Office Online веб сайтындағы Электрондық пошта тіркелгісін жасау және жою бөлімінен қараңыз.

    Сондай-ақ, электрондық пошта тіркелгісіне POP немесе IMAP протоколын пайдаланып қосылуға болады. Қосымша ақпаратты IMAP немесе POP кіруге арналған Outlook 2007 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгісіне орнату бөлімінен қараңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.