Қолдалатын электрондық пошта бағдарламалары және мүмкіндіктер

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2012-11-01

Электрондық пошта тіркелгіңізге кірудің көптеген жолдары бар. Ең жиі әдістер Outlook Web App бағдарламасын немесе Microsoft Office Outlook бағдарламасының орнатылған нұсқасын немесе Microsoft Entourage бағдарламасын пайдалану. Бұл бағдарламалар электрондық поштаға кіру және басқа көптеген бірлесіп әрекет ету мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламалармен қатар, электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Voice Access, көптеген басқа электрондық пошта бағдарламаларын және мобильді телефоныңызды пайдаланып қосылуға болады.

Параметрлерді орнату туралы нұсқауларды Электрондық поштаны орнату бағдарламасының анықтама шебері және Ұялы телефонды теңшеу шебері бөлімдерінен қараңыз.

Электрондық пошта тіркелгісіне қосылу

Келесі суретте электрондық пошта тіркелгіңізге қосылудың кейбір әдістері көрсетілген.

Пошта жәшігіне қосылу үшін пайдаланылатын әдістер.

Келесі тізімде әрбір қосылу әдісі туралы қосымша ақпарат берілген.

  • Веб-шолғыш   Outlook Web App және Outlook Web App жеңіл нұсқасын Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және Apple Safari сияқты шолғыштармен пайдаланыңыз.

  • Интернет электрондық пошта бағдарламалары   IMAP4 немесе POP3 үшін қолдау көрсететін кез келген бағдарламаны пайдаланыңыз, мысалы, Mozilla Thunderbird, Outlook Express немесе Windows Live Mail.

  • Outlook немесе Entourage бағдарламасын пайдаланып Exchange тіркелгісіне қатынасу   Exchange тіркелгісіне қатынасуды қолдайтын бағдарламалар Outlook 2007, Outlook 2010, Outlook 2013, Mac үшінOutlook 2011 және Entourage 2008 Web Services Edition бағдарламаларын қамтиды.

  • Windows 8 Mail және Apple Mail бағдарламаларын Exchange тіркелгісіне қатынасу   Windows 8 Mail бағдарламасы Exchange тіркелгісіне қатынасуды Exchange ActiveSync протоколын пайдалнаып қолдайды. Apple Mail 10.6 Snow Leopard және Apple Mail 10.7 Lion Exchange тіркелгісіне қатынасуды да қолдайды. Apple Mail 10.5 Leopard нұсқасы және Apple Mail бұрынғы нұсқалары IMAP4 немесе POP3 пайдаланады. Outlook 2003 бағдарламасына IMAP4 немесе POP3 протоколын пайдалансаңыз ғана қолдау көрсетіледі.

  • Интернет байланысы бар мобильді телефондар   Android, BlackBerry, iPhone, IPad, iPod Touch, Nokia (Symbian), Windows Phone, Windows Mobile немесе басқа интернетке қосылу мүмкіндігі бар телефондар мен планшеттерді пайдаланып қосыла аласыз.

  • Кез келген телефон   Электрондық поштаға, күнтізбеге немесе контактілерге кіру үшін кез келген телефонмен Outlook Voice Access мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Қолдау көрсетілетін бағдарламалардағы мүмкіндіктерді салыстыру

Келесі кестеде электрондық пошта тіркелгіңізге қосылу үшін пайдаланылатын электрондық пошта бағдарламасын таңдаудан бұрын қарап шыққыңыз келуі мүмкін кейбір айырмашылықтар көрсетілген.

 

Электрондық пошта бағдарламасы Контактілерді, күнтізбе элементтерін, тапсырмаларды және электрондық пошта хабарларын өңдеу және қарап шығу Кіріс электрондық пошта жәшігімен қатар электрондық пошта қалталарын өңдеу және қарап шығу Дауыс поштасын тыңдау Дербес режимде ақпаратыңызға кіру Автоматты орнату Көзі көрмейтін немесе көру қабілеті төмен пайдаланушылар үшін арнайы мүмкіндіктер

Outlook Web App

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Қолданылмайды

Жоқ

Outlook Web App оңай нұсқасы

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Қолданылмайды

Иә

Outlook 2007, Outlook 2010 немесе Outlook 2013

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Windows 8 Mail

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Mac жүйесіне арналған Outlook 2011

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Entourage 2008, Web Services Edition

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Exchange ActiveSync пайдаланатын бағдарламалар

Иә

Иә

Иә

Иә

Иә

Кейбір бағдарламалар арнайы мүмкіндіктерді қолдауы мүмкін.

Outlook Voice Access

Иә

Иә

Иә

Қолданылмайды

Қолданылмайды

Деректер жоқ

POP3 пайдаланатын бағдарламалар

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Иә

Жоқ

Кейбір бағдарламалар арнайы мүмкіндіктерді қолдауы мүмкін.

IMAP4 пайдаланатын бағдарламалар

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Кейбір бағдарламалар арнайы мүмкіндіктерді қолдауы мүмкін.

Outlook Web App

Электрондық пошта тіркелгіңізге бірнеше әр түрлі веб-шолғыштар арқылы кіруге болады. Үйде, кеңседе немесе жолда болсаңыз да, Интернетке немесе жергілікті интражеліге қосылған кез келген компьютерді пайдалана аласыз. Электрондық пошта хабарларын, кездесулерді, жиналыстарды, контактілерді және тапсырмаларды қарап шыға және өңдей аласыз. Сондай-ақ, дауыстық хабарларды тыңдауға және мәтіндік хабарларды оқуға болады. Outlook Web App көмегімен істеуге болатын кейбір басқа нәрселер:

  • Емлені тексеру

  • Электрондық пошта хабарларында әр түрлі қаріптерді, түстерді және өлшемдерді пайдалану

  • Электрондық пошта хабарларын әр түрлі әдістермен топтастыру

  • Алдағы оқиғалар туралы еске салу

Outlook Web App оңайлатылған нұсқасында Outlook Web App мүмкіндіктерінің кейбіреулері болады. Оңайлатылған нұсқа көзі көрмейтін және көру қабілеті төмен пайдаланушыларға бейімделген және кез келген веб-шолғышпен жұмыс істейді. Оңайлатылған нұсқада бірнеше мүмкіндіктер жоқ, соның ішінде:

  • Еске салулар

  • Күнтізбенің бір аптасын бір мезгілде қарап шығу

  • Дауыс поштасының параметрлерін өзгерту

  • Түстер жүйесін өзгерту

Outlook Web App бағдарламасымен пайдаланылатын шолғыш нұсқалары

Қолданылатын шолғыштар туралы толық ақпаратты Қолдалатын веб-шолғыштар бөлімінен қараңыз.

Outlook 2003, Outlook 2007, Outlook 2010, Outlook 2013 және Mac үшін Outlook 2011

Егер Outlook 2007, Outlook 2010, Outlook 2013 немесе Mac үшін Outlook 2011 бағдарламасын пайдаланып жатсаңыз, Exchange сервері арқылы я болмаса IMAP4 немесе POP3 протоколын пайдалана отырып электрондық пошта тіркелгісіне байланысты орнатуға болады. Outlook 2007, Outlook 2010, Outlook 2013 немесе Mac үшін Outlook 2011 бағдарламасын Exchange тіркелгісі арқылы қосу IMAP4 немесе POP3 протоколымен салыстырғанда көбірек мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, соның ішінде:

  • Интернетке қосылмаған кезде электрондық поштаңызға, контактілерге және күнтізбеңізге кіру.

  • Сіз алатын жиналыс сұраулары үшін жаңа уақыттар ұсыну мүмкіндігі.

  • Контактілерді және Outlook бағдарламасында сақталатын басқа ақпаратты импорттау, экспорттау және мұрағаттау мүмкіндігі.

Егер пошта жәшігіңіз бұлтқа негізделген ортада болса (мысалы, Кәсіпорындарға арналған Microsoft Office 365 нұсқасы немесе Кәсіпорындар мен кіші компанияларға арналған Office 365 нұсқасы ішінде) және тіркелгіні Outlook 2003 көмегімен қосу керек болса, тіркелгіні орнатқанда POP3 немесе IMAP4 параметрін таңдау керек. Outlook 2003 қолдау туралы қосымша ақпарат алу үшін ЖҚА: электрондық пошта бағдарламалары ішіндегі «Электрондық пошта тіркелгісіне қосылу үшін Outlook 2003 бағдарламасын пайдалануға бола ма?» деген жиі қойылатын сұрақтарды қараңыз.

Entourage 2008, Web Services Edition

Mac OS X жүйесіне арналған Microsoft Entourage 2008 бағдарламасын Entourage 2008, Web Services Edition нұсқасын пайдаланып, тіркелгіңізге қоса аласыз. Бұл үшін алдымен Entourage 2008, Web Services Edition бағдарламасын орнатуыңыз қажет. Entourage бағдарламасының бұл нұсқасы Mac жүйесіне арналған Microsoft Office 2008 жаңартуы ретінде қол жетімді.

Осы жаңартуды жүктеу және веб-қызметтер шығарылымы туралы қосымша мәлімет алу үшін Mac үшін Microsoft Entourage 2008, веб-қызметтер шығарылымы веб-бетіне кіріңіз.

POP3 немесе IMAP4 құралын пайдаланып, тіркелгіңізге Mac OS X жүйесіне арналған Entourage бағдарламасын қосуға болса да (Entourage 2004 немесе Entourage 2008), бұлай істеу, қосылу үшін Exchange тіркелгісін пайдалану кезіндегі барлық мүмкіндіктерді бермейді. Мысалы, егер сіз Entourage 2008, Web Services Edition нұсқасын пайдаланып қосылсаңыз, Жазбаларды, тапсырмаларды, күнтізбе элементтерін және санаттарды Outlook Web App және Entourage 2008 арасында синхрондай аласыз.

Өзіңіздің электрондақ пошта тіркелгіңізге кіру үшін Outlook Voice Access мүмкіндігін пайдалану

Outlook Voice Access мүмкіндігін кез келген телефоннан пайдалануға болады және дауыстық поштаны тыңдау, жеке контакт туралы ақпаратқа қол жеткізу және күнтізбемен жұмыс істеу үшін пайдалануға болады. Дауысты немесе телефон пернетақтасын Outlook Voice Access мәзірлерінде шарлау үшін пайдалануға болады.

Outlook Voice Access мүмкіндігінің қысқаша нұсқаулығында мәзір опциялары туралы және мәзірлерде жылжу туралы ақпарат болады. Қысқа анықтамалық нұсқаулықтың көшірмесін жүктеу үшін Microsoft Download Center бетін қараңыз.

Өзіңіздің электрондық пошта тіркелгіңізге кіру үшін мобильді телефоныңызды пайдалану

Көптеген мобильді телефондарды электрондық пошта тіркелгісіне кіруге болатындай етіп орнатуға болады. Егер сізде Windows Mobile бар немесе Apple iPhone мобильді телефоны болса, Exchange ActiveSync пайдаланып, электрондық пошта хабарларына, күнтізбеге, контактілерге және телефоныңыздағы тапсырмаларға кіруге болады. Басқа мобильді телефондар электрондық пошта хабарларын жіберуге және алуға мүмкіндік беретін IMAP4 және POP3 протоколдарын қолдайды.

Өзіңіздің электрондық пошта тіркелгіңізге кіру үшін басқа электрондық пошта бағдарламаларын пайдалану

Егер сізде IMAP4 немесе POP3 протоколдарын қолдайтын электрондық пошта бағдарламасы бар болса, оны электрондық поштаны жіберетін және алатын етіп орнатуға болады. IMAP4 немесе POP3 протоколын контактілерге, тапсырмаларға немесе күнтізбеге кіру үшін пайдалана алмайсыз. IMAP4 немесе POP3 протоколымен электрондық пошта тіркелгісіне кіру үшін пайдалануға болатын кейбір бағдарламалар:

  • Microsoft Outlook Express

  • Windows Пошта

  • Microsoft Entourage

  • Mozilla Thunderbird

  • Mac OS X жүйесіне арналған Mac Mail

noteЕскертпе:
Егер сіз Mac OS 10.6 Snow Leopard жүйесін пайдалансаңыз, IMAP немесе POP протоколын пайдаланып электрондық пошта тіркелгіңізге қосылмайсыз. Тіркелгіңізге Mail for Mac OS 10.6 Snow Leopard арқылы қосылу қол теңшелімін аз қажет етеді. Қосымша ақпарат алу үшін Mac OS 10.6 Snow Leopard қатынасына арналған поштаны электрондық пошта тіркелгісіне реттеу бөлімін қараңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Мобильді телефонда Outlook Web App бағдарламасын пайдалануға қолдау көрсетілмейді.

  • Егер сіз Outlook Web App бағдарламасын компьютерде немесе қолдау көрсетілмейтін веб-шолғышта ашуға әрекет жасасаңыз, оның орнына Outlook Web App бағдарламасының оңайлатылған нұсқасы ашылады.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.