Windows Mail бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге реттеу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2013-05-01

Электрондық пошта тіркелгісін POP3 немесе IMAP4 жалғау мүмкіндіктері арқылы Windows үшін Windows Vista поштасын қосуға болады.

Электрондық пошта тіркелгіме кіру үшін Windows поштасы қалай реттеледі?

  1. Windows поштасын іске қосыңыз. Интернетке қосылу шебері бірінші рет ашылған кезде іске қосылады. Егер интернетке қосылу шебері бағдарламаны бірінші рет қосқаннан іске қосылмаса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгілер түймешігін басыңыз.

    2. Интернет тіркелгілері диалогтық терезесіндегі Қосу түймешігін басыңыз.

    3. Тіркелгі түрін таңдау бетіндегі Электрондық пошта тіркелгісі параметрін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  2. Атыңыз бетіндегі Атын көрсету өрісіне толық атыңызды енгізіңіз.

  3. Интернеттегі электрондық пошта мекенжайы бетінде Электрондық пошта мекенжайы өрісіне электрондық пошта мекенжайын енгізіп, Келесі түймешігін басыңыз.

  4. Электрондық пошта серверлерін реттеу бетінде IMAP немесе POP3 протоколын қалқымалы мәзірдегі Кіріс электрондық пошта серверінің түрі тармағынан таңдаңыз. IMAP протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланғыңыз келуі мүмкін. Төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Кіріс пошта (POP3 не IMAP) сервері астына IMAP не POP сервер атауын енгізіңіз. Кіріс (POP3 немесе IMAP4) сервер атауын табу туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімнің соңғы жағындағы Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? бөлімін қараңыз.

    2. Шығыс электрондық пошта серверінің (SMTP) аты астына SMTP сервер атауын енгізіңіз. Шығыс (SMTP) сервер атауын табу туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімнің соңғы жағындағы Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? бөлімін қараңыз.

    3. Шығыс сервер түпнұсқалық растаманы талап етеді параметріне белгі қойып, Келесі түймешігін басыңыз.

  5. Интернет пошта кіру аты бетінде электрондық пошта мекенжайын және құпия сөзді енгізіңіз. Егер сіз Windows Mail бағдарламасының құпия сөзді есіне сақтағанын қаласаңыз, Құпия сөзді еске сақтау ұяшығына белгі қойыңыз. Ақпарат енгізілген соң, Келесі түймешігін басыңыз.

  6. Құттықтаулар бетінде төмендегі ұяшықтардың біріне белгі қойып, Дайын түймешігін басыңыз.

    • Егер сіз IMAP4 протоколын пайдалансаңыз, ұяшықта Менің электрондық поштам мен қалталарымды бұл уақытта қотармау мәтіні жазылған.

    • Егер сіз POP3 протоколын пайдалансаңыз, ұяшықта Менің электрондық поштамды бұл уақытта қотармау мәтіні жазылған.

  7. Интернет тіркелгілері бетінде Пошта астынан жаңадан реттелген тіркелгіні таңдап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

    noteЕскертпе:
    Интернет тіркелгілері бетін ашу үшін Құралдар мәзірінде Тіркелгілер түймешігін басыңыз.
  8. Тіркелгіге арналған Сипаттар бетінде Қосымша қойындысын басып, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Сервер портының саны ішінен Шығыс пошта (SMTP) тармағын таңдаңыз. Оның ішіндегі Бұл сервер қауіпсіз қосылымды (SSL) қажет етеді параметрінің жанындағы ұяшыққа белгі қойыңыз.

    2. Кіріс пошта (IMAP) немесе Кіріс пошта (POP3) астында Бұл сервер қауіпсіз қосылымды талап етеді (SSL) параметріне белгі қойыңыз.

    3. Егер сіз POP3 протоколын пайдалансаңыз, жергілікті компьютерге жүктелетін хабарлардың көшірмесін компьютерге сақтау үшін клиентті реттеген жөн. Ол үшін Жеткізу ішіндегі Серверде хабарлардың көшірмесін қалдыру параметрін таңдаңыз. Бұл хабарларыңызға басқа электрондық пошта бағдарламасынан кіруге мүмкіндік береді.

    4. Қолдану пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.

  9. Интернет тіркелгілері бетінде Жабу түймешігін басыңыз.

  10. Егер сіз IMAP4 протоколын пайдалансаңыз, қосылған пошта серверінен қалталарды жүктеу ұсынылады. Иә түймешігін басыңыз. Сервер және жергілікті компьютеріңіздің арасында синхрондағыңыз келетін қалталарды таңдау үшін Windows пошта пайдаланушысының интерфейсін пайдаланып, OK түймешігін басыңыз.

Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?

POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

4873755a-8b1e-497e-bc54-101d1e75d3e7

Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі POP параметрі немесе IMAP параметрі және SMTP параметрі ішіндегі Протокол параметрлері бетінде көрсетілген.

noteЕскертпе:
Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қол жетімді емес деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Windows поштасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты Windows поштасымен берілген «Анықтама» құжаттамасынан қараңыз.

  • Егер сіз POP3 немесе IMAP4 протоколын пайдалану керектігін білмесеңіз, IMAP4 протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланып көріңіз.

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, POP3 немесе IMAP4 арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. POP3 немесе IMAP4 арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Егер бұл қадамдар орындалғаннан кейін Windows поштасы қосылмаса, дұрыс түпнұсқалық растама параметрін пайдаланып отырғаныңызды тексеру керек болуы мүмкін. Оны мына әрекеттерді орындау арқылы тексеруіңізге болады:

    1. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгілер түймешігін басыңыз.

    2. Интернет тіркелгілері бетінде тіркелгіні таңдап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

    3. Тіркелгіңіздің Сипаттар бетіндегі Серверлер қойындысын басып, Қауіпсіз құпия сөздің түпнұсқалық растамасы арқылы кіру параметріне белгі қойылмағандығын тексеріңіз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.