Кіріс қалтасының ережелері туралы қосымша білу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-11-23

Ережелерді жіберушінің кім екеніне, хабардың кімге жіберілгеніне немесе хабардың маңыздылығына негізделіп кіріс электрондық поштаны қалталарға автоматты түрде реттеу үшін пайдалануға болады. Мысалы, өзіңіз мүшесі болып табылатын топқа жіберілген бүкіл поштаны белгілі бір қалтаға жіберетін ережені жасауға болады.

noteЕскертпе:
Бұл ақпарат Outlook Web App бағдарламасының стандартты нұсқасына қатысты. Сипатталған мүмкіндік Outlook Web App Light жоқ.
Ережелер қалай басқарылады?

Ережелерді басқару үшін Параметрлер> Кіріс қалтасының ережесін жасау пәрменін таңдаңыз.

Жаңа ережелерді жасау я болмаса бар ережелерді өңдеу немесе жою үшін Кіріс қалта ережелері қойындысын пайдалануға болады.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Кіріс қалта ережелері қойындысын пайдаланып жаңа бос ережені жасау үшін, ережелерЖаңа пәрменін таңдаңыз.

  • Ереже жасау үшін Кіріс қалтасы Ережелер қойындысын пайдаланудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, ережелерді тікелей хабарларда жасауға болады. Ережені тікелей хабарда жасау үшін:

    1. Хабарлар тізімі тақтасында хабарды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз.

    2. Ереже жасау пәрменін таңдаңыз немесе хабарды ашып, құралдар тақтасында ережелерЕреже жасау пәрменін таңдаңыз.

  • Ережелер "Ережелер" терезесінде көрінетін тәртіппен жоғарыдан төменге қарай іске қосылады. Ережелер ретін өзгерту үшін, жылжытқыңыз келетін ережені басып, содан кейін жоғары алдыңғы немесе төмен келесі көрсеткісін басып, ережені тізімдегі қалаған орынға жылжытыңыз.

  • Кейбір хабарлар түрлері Кіріс жәшігі ережелелерін іске қоспайды, соның ішінде:

    • Жеткізілмеу туралы есептер мен жүйе хабарларын қамтитынн жеткізу күйі хабарландырулары.

    • Электрондық пошта клиенті жасаған оқу туралы ескертпелер мен жеткізу туралы ескертпелер.

    • Кейбір автоматты жауап (Кеңседен тыс) хабарлары.

  • Қосымша параметрлер пәрменін таңдап қосымша күрделірек ережелер жасауға болады. Қосымша параметрлер пәрменін таңдағаннан кейін:

    • Ережеде бірден көбірек шарт орнатуға болады.

    • Ережеде бірден көбірек әрекет орнатуға болады.

    • Қиыс жағдай қосу пәрменін таңдап қиыс жағдайларды қосуға болады.

    • Қосымша ережелерді өңдеу тоқтату параметрін қосуға немесе өшіруге болады. Әдепкі бойынша, қосымша ережелерді өңдеу тоқтату параметрі қосулы. Бұл параметр қосылған болғанда, бірден көп ереженің шартына сай келетін хабар келсе, бірінші ереже ғана қолданылады. Бұл параметр болмаса, хабар шарттарына сай болған барлық ережелер қолданылатын еді.

      Мысалы, Қосымша ережелерді өңдеуді тоқтату параметрі таңдалмаса, егер сізде жалпы топқа жіберілетін барлық хабарларды бір қалтаға жылжытатын ереже болса және басшыңыздан келген кез келген нәрсені басқа бір қалтаға жылжытатын ереже болса және басшыңыңыз сол топқа хабар жіберсе, сіз хабардың көшірмесін екі қалтада да таба аласыз. Егер тек басшыңыздан келетін хабарларды жылжытатын ереженің орындалуын қаласаңыз, сол ережені тізімде топқа жіберілген хабарларды жылжытатын ережеден жоғарырақ қойыңыз, содан кейін қосымша ережелерді орындауды тоқтататын параметрді қосу үшін бірінші ережені өңдеңіз.

    • Ереженің атын Ат өрісін пайдаланып өңдеуге болады.

  • Әрбір жасалған ереже пошта жәшігінің жасырын бөлімінде орын алады. Бұл бөлім 64 Кб-пен шектелген. Ереже пайдаланатын орынның нақты мөлшері бірнеше факторларға байланысты, мысалы, аттың ұзындығына және қолданылған шарттардың санына. 64 Кб шегіне жеткенде басқа ережелерді жасай алмайтыныңыз туралы ескерту аласыз. Осы жағдай орын алса, қосымшаларын жасаудың алдында бар ережелердің кейбіреулерін жою немесе жеңілдету керек. Ережелер пайдаланатын орынды азайтудың кейбір жолдары:

    • Енді қажет емес ережелерді жою.

    • Ережелердің аттарын қысқарту.

    • Бір әрекетті орындайтын бір немесе бірнеше ережелерді біріктіру.

    • Ережелерден шарттарды жою.

  • Қайта жіберу ережесін жасағанда, қайта жіберілетін бірнеше мекенжайды қосуға болады. Қайта жіберілетін мекенжайлар саны тіркелгі параметріне қарай шектелуі мүмкін. Рұқсат етілгеннен көп мекенжайды қоссаңыз, қайта жіберу ережесі жұмыс істемейді. Қайта жіберу ережесін бірнеше мекенжаймен жасасаңыз, оның жұмыс істейтінін тексеріңіз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.