Қолтаңбаны қосу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-11-23

Электрондық поштаның қолтаңбасы электрондық поштаның шығыс хабарының соңына қосуға болатын мәтіннен тұрады.

noteЕскертпе:
Бұл бөлім Outlook Web App бағдарламасының стандартты нұсқасына қатысты. Outlook Web App Light үшін осы мүмкіндік туралы оқу үшін келесіні қараңыз Параметрлер > Хабарлармен алмасу.
Қолтаңбаны жасау әдісі

  1. Outlook Web App бетінің жоғары бөлігінде Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Баптаулар > Пошта түймешігін басыңыз.

  2. Электрондық пошта қолтаңбасы жолағына қолтаңбаны теріңіз және пішімдеңіз.

    Outlook Web App бағдарламасын да, Outlook бағдарламасын да пайдалансаңыз, екеуінде қолтаңбаны қажет етсеңіз, әрқайсысында қолтаңба жасау керек.

  3. Барлық шығыс хабарларға қолтаңбаны қосу үшін Жіберілген шығыс хабарларда қолтаңбаны автоматты қосу тармағын таңдаңыз.

  4. Сақтау түймешігін немесе CTRL+S пернелер тіркесімін басыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Барлық шығыс хабарларға қолтаңбаны автоматты түрде қосу жолағын таңдамасаңыз, оны жекелеген хабарларға қоса аласыз.

    1. Қолтаңбаны жоғарыда сипатталғандай жасаңыз, бірақ Жіберілген шығыс хабарларда қолтаңбаны автоматты түрде қосу тармағын таңдамаңыз.

    2. Жаңа хабарды жасаған кезде құралдар тақтасындағы Қолтаңба енгізу қолтаңба түймешігін басу арқылы қолтаңбаңызды қосыңыз.

  • Outlook Web App ішінде қолтаңбаңызға сурет файлын (.gif немесе .tif сияқты) кірістіре алмайсыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.