Хабарды жасау

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-11-23

Жаңа хабар пішінінде хабарлар жасауыңызға болады. Бұл пішін хабарға жауап беру немесе қайта жіберу үшін пайдаланылған пішімдермен бірдей.

Жаңа хабар жасау әдісі

  1. Кез келген пошта қалтасында Жаңа жаңа хабар тармағын басыңыз немесе пернетақтада CTRL+N пернелер тіркесімін басыңыз.

    Сондай-ақ, мекенжайлық кітапты көру барысында жаңа хабарды жасай аласыз. Құралдар тақтасында Мекенжайлық кітап мекенжайлық кітап тармағын таңдаңыз және хабар жібергіңіз келетін адамды немесе топты табу үшін іздеу мәтіндік жолағын пайдалануыңызға болады. Тізімдегі алушының атын тінтуірдің оң түймешігімен басыңыз да, контактіге хабар жасауЖаңа хабар түймешігін басыңыз.

  2. Қалаған алушыларды Кімге және Көшірме жолдарына енгізіңіз. Алушылар туралы толық ақпаратты Алушыларды қосу және жою бөлімін қараңыз.

  3. Тақырыпты енгізіңіз.

  4. Хаттың негізгі мазмұнына хабарды енгізіңіз.

  5. Хабарды теріп болғаннан кейін оны жіберу үшін жіберуЖіберу түймешігін немесе ALT+S пернелер тіркесімін басыңыз.

Қосымша не білген жөн?

  • Сіз ұйымыңыздағы басқа адам ретінде жіберу үшін, сізге әкімшіңіз рұқсат бере алады. Сол адам ретінде жіберуге мүмкіндік беру мақсатында рұқсат теңшелгеннен кейін, сол адам жіберуші ретінде көрсетілген хабар жасау үшін, Кімнен жолын пайдалана аласыз. Кімнен жолы қолжетімді болуы үшін, хабарлардың құралдар үстеліндегі Параметрлер тармағын таңдап, Кімнен келгенін көрсету параметрін тексеріңіз, одан кейін хабар терезесіне оралу мақсатында OK параметрін таңдаңыз. Кімнен жолын пайдалану үшін, орнына хабар жіберуге рұқсат берілген адамның атын теріңіз немесе Кімнен жолының жанындағы төмен көрсеткіні басып, Басқа электрондық пошта мекенжайы параметрін таңдаңыз, одан кейін мекенжайлар кітабынан орнына жібергіңіз келетін мекенжайды таңдаңыз.

    Кімнен жолын барлық хабарлар үшін қосу мақсатында Пошта қойындысы Хабар параметрлері бөлімін пайдалануға болады.

  • Хабарға жауап берген кезде үстіңгі ақпараттар (Кімге, Кімнен және Тақырып) автоматты түрде толтырылады. Хабар қайта жіберілген кезде Кімге жолы толтыру үшін бос қалады. Қосымша ақпарат алу үшін Хабарға жауап беру немесе қайта жіберу бөлімін қараңыз.

  • Хабарды жасаған кезде хабар пішінінің жоғары бөлігіндегі тізімді пайдалана отырып, хабар пішімін HTML немесе Кәдімгі мәтін түрінде орната аласыз. HTML таңдалған кезде хабардың негізгі мәтіні үстінен мәтін пішіндеу құралдар тақтасы пайда болады. Құралдар тақтасын бүкіл хабардың немесе таңдалған бөлігінің қарпін өзгерту үшін пайдалана аласыз. Әдепкі пішімдеу параметрлеріне қосымша ретінде пішімдеу құралдар тақтасының астындағыТеңшеу белгішені ашу түймешігін басып, қосқыңыз келетін параметрдің жанынан құсбелгіні таңдау арқылы құралдар үстеліне параметрлерді қоса аласыз. Хабарларды пішімдеудің әдістері туралы толығырақ ақпарат алу үшін, Хабарларды пішімдеу бөлімін қараңыз.

  • Егер сіз электрондық пошта хабарларын көптеп жіберген болсаңыз немесе бірнеше хабарды алушылардың үлкен тобына жіберген болсаңыз, пошта жәшігіңізге қойылған шектеуге жетуіңіз мүмкін. Жіберуге қойылатын шектеу 24 сағат ішінде хабар жіберілетін алушылардың санына негізделеді және ұйымыңыздың параметрлеріне байланысты өзгереді. Егер сіз бұл шектен асып кетсеңіз, келесі жолы хабар жібермек болғаныңызда ескертуді байқайсыз.

    Жібеуге қойылатын шектеу кезінде жазған электрондық пошта хабарларыңыз автоматты түрде "Жоба жазбалар" қалтасына сақталады. Бірақ күткеннен кейін электрондық пошта хабарыңызды "Жоба жазбалар" қалтасынан ашып, қайта жіберуге тырысып көруге болады. Егер жіберуге қойылатын шектеу әлі де алынбаған болса, сіз қайтадан ескерту хабарын көресіз. Электрондық пошта хабары жіберілгенше немесе жойылғанша "Жоба жазбалар" қалтасында қала береді. Егер толығымен 24 сағат бойы күтіп, хабар жібермек болғанда әлі де сол ескерту хабарын алып отырсаңыз, алушылар санын азайтып көріңіз.

  • Төмендегі параметрлер хабар жазылуы кезінде құралдар тақтасында қолжетімді болады.

     

    Түймешік Сипаттама

    жіберуЖіберу

    Алушыларға хабарды жібереді.

    сақтау

    Хабарды «Жоба жазбалар» қалтасына сақтайды, бірақ хабарды жібермейді.

    тіркеме белгішесі

    Хабарға файлды тіркейді. Файлдарды тіркеу туралы қосымша ақпарат алу үшін Тіркемелермен жұмыс бөлімін қараңыз.

    мекенжайлық кітап

    Алушылардың аттарын іздеу үшін Мекенжайлық кітапты ашады.

    аттарды тексеру

    Хабарды алушылар аттарын Мекенжайлық кітап немесе «Контактілер» қалтасы бойынша тексереді. Аттарды анықтау туралы қосымша ақпаратты Алушыларды қосу және жою бөлімінен қараңыз.

    жоғары маңыздылық

    Хабар маңыздылығын жоғары дәрежесіне қояды.

    төмен маңыздылық

    Хабар маңыздылығын төмен дәрежесіне қояды.

    қолтаңба

    Хабардың соңына қолтаңбаны қосады. Қолтаңбалар туралы толық ақпаратты Қолтаңбаны қосу бөлімінен қараңыз.

    Бұл түймешік қандай да әрекет жасаудан бұрын қолтаңба жасауыңыз керек.

    емлені тексеру

    Хабар мәтінінде емлені тексереді. Емле тексеру туралы қосымша ақпаратты Емле тексеру туралы үйрену бөлімінен қараңыз.

    Параметрлер

    Хабар параметрлер тілқатысу терезесін көрсетеді. Хабар параметрлері туралы қосымша ақпаратты Хабардың параметрлерін орнату бөлімінен қараңыз.

    Хабар пішіндері тізімі

    Хабардың пішінін HTML немесе Кәдімгі мәтін етіп орнатады. Пішінді орнату әдістері туралы қосымша ақпаратты Хабарларды пішімдеу бөлімінен қараңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.