Құралдар үстелі

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2010-08-13

Сіздің пошта жәшігіндегі әрбір қалта түрі (пошта, күнтізбе, істес кісілер немесе тапрсырмалар) өзіндік мақсаттар мен функцияларға жарайтын жеке құралдар тақтасы параметрлері бар. Келесі кестеде пошта қалталарындағы құралдар үстелінде қолжетімділік батырма түрлері көрсетілген. Басқа қалталарда өзінің ішіндегі ақпарат түріне сай ұқсас құралдар тақтасы параметрлері бар.

 

Түймешік Сипаттама

Жаңа

Жаңа электрондық пошта хабарын жасау.

Жою

Таңдалған электрондық пошта хабарын немесе хабарларын жою.

Жылжыту

Таңдалған элементті басқа қалтаға жылжыту үшін басыңыз.

Сүзгі

Сүзгіге сәйкес келетін элементтерді табу үшін алдын ала орнатлыған сүзгіні басыңыз.

Көрініс

Оқу аумағын көрсету немесе жасыру.

хабарларды тексеру

Серверде жаңа хабарлар бар-жоғын тексеру.

Жауап беру

Электрондық пошта хабарын жіберушіге жауап қайтару.

Барлығына жауап беру

Электрондық пошта хабарының барлық алушыларына жауап қайтару.

Әрі қарай жіберу

Алушыға немесе алушыларға электрондық пошта хабарын қайта жіберу.

Құралдар тақтасынан қомсымша, элементті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, мәзірден керекті әрекетті таңдау арқылы бірнеше әрекеттерді орындауыңызға болады.

Қосымша не білгенім жөн?

Егер оқу аумағын пайдаланып жатсаңыз, құралдар тақтасында Жауап беру, Барлығына жауап беру немесе Әрі қарай жіберу түймешіктері көрінбейді. Оның орнына, оқу аумағындағы әрбір хабардың жоғарғы жағында жауап беру жауап беру, барлығына жауап беру және бағытын өзгерту әрі қарай жіберу белгішелері көрінеді.

Қосымша ақпарат алу үшін, не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.