Outlook Web App бағдарламасымен жұмысты бастау

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2013-01-11

Outlook Web App бағдарламасы интернетке қосылған кез келген компьютерден пошта жәшігіңізге кіру үшін веб-браузерді пайдалануға мүмкіндік береді. Браузерді электрондық пошта хабарларын оқу және жіберу, контактілерді ұйымдастыру, тапсырмаларды жасау және күнтізбеңізді басқару үшін пайдалануға болады.

Мазмұны

Қолдау көрсетілетін браузерлер

Хабарлармен жұмыс істеу

Күнтізбені пайдалану

Контактілер мен топтар

Реттеу

Арнайы мүмкіндіктер

Анықтама алу

Шығу

Пошта жәшігіне қосылудың басқа әдістері

Қолдау көрсетілетін браузерлер

Пошта жәшігіңізге HTML 3.2 және ECMA үшін қолдау көрсететін кез келген браузер арқылы кіруге болады. Оған мыналар кіреді: Internet Explorer, Mozilla Firefox, Apple Safari, Chrome және басқа веб-браузерлер; UNIX, Apple Macintosh немесе Microsoft Windows жүйелері бар компьютерлерде. Қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Outlook Web App қолдайтын шолғыштарOutlook Web App Light - көптеген браузерлерді қолдайтын Outlook Web App бағдарламасының қарапайым нұсқасы болып табылады.

Хабарлармен жұмыс істеу

Электрондық пошта хабарларын оқу және жіберу мүмкіндіктерімен қатар, хабарларыңызды реттей аласыз, мысалы, тіркемелер қосу, хабардың жеткізілгендігі немесе оқылғандығы туралы растауды сұрау және хабарға санат қосу.

Қағаздарды реттеу үшін файлдық жүйені пайдаланғандай етіп, хабарларыңызды реттеу үшін қалталарды пайдалануға болады. Әр түрлі қалталарға іріктеу ережелерін пайдалану арқылы алынған хабарларды басқаруға болады.

Оқу аймағы қосылғанда, Outlook Web App бағдарламасы әдепкісінше электрондық поштаның барлық қалталарында әңгімелесу көрінісін пайдаланады. Әңгімелесу көрінісі әңгімелесудегі әрбір хабарды жеке көрініспен көрсетеді. Қосымша ақпаратты Әңгімелесулер туралы қосымша білу бөлімінен қараңыз.

Хабарлармен жұмыс істеу туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Пошта.

Күнтізбені пайдалану

Күнтізбеңіз қабырғадағы күнтізбеге ұқсайды, бірақ онда көптеген қосымша мүмкіндіктер бар. Күнтізбеңізге кездесу қосқан кезде, оны көптеген әдістермен реттеуге болады, мысалы, тіркемелер қосу, қалағаныңызша егжей-тегжейлі мәліметтер қосу, еске салуды орнату немесе оны қайталанатын жиналыс ету, сонда ол автоматты түрде күнтізбеңізге тұрақты түрде қосылады.

Кездесулер жасаумен қатар, жиналыстар орнатуға да болады. Жиналыс кездесуге ұқсайды, бір айырмашылығы, сіз басқа адамдарға шақыру жібересіз. Шақырылатын әрбір адам жиналыс туралы егжей-тегжейлі мәліметтер болатын электрондық пошта хабарын алады. Электрондық пошта қызметіне қарай, олар алатын хабарды жиналысты өздерінің күнтізбесіне қосу үшін пайдалануы мүмкін.

Күнтізбені басқару туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Күнтізбе.

Контактілер мен топтар

Пошта жәшігіңіздің Контактілер қалтасы ақпарат сақтағыңыз келетін әрбір адам немесе топ үшін жазба болатын Ролодекске немесе мекенжай кітапшасына ұқсайды. Байланыс орнатқыңыз келетін адам немесе компания туралы ақпаратты сақтау үшін контакт жасауға болады.

Топтар бірнеше контактілерді қамтитын жалғыз жазба жасауға мүмкіндік береді. Топқа хабар жібергенде, ол топтағы әрбір контактіге жіберіледі.

Контактілер мен топтар туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Істес кісілер.

Егер бұлтқа негізделген пошта жәшігіңіз болса, басқа электрондық пошта тіркелгілерінен контактілерді импорттай аласыз. Қосымша ақпаратты Контактілерді импорттау бөлімінен қараңыз.

Реттеу

Пошта жәшігіңіз тіркелгеннен кейін пайдалануға дайын болады. Электрондық пошты хабарларын жіберуді және алуды бастау үшін ешқандай параметрлерді өзгерту немесе ештеңені қосу немесе өшіру қажет емес. Алайда, сіз өзіңізге ыңғайлы болу үшін әлі де кейбір параметрлерді өзгерткіңіз келуі мүмкін.

Сіз жіберудің алдында электрондық пошта хабарындағы емлені автоматты түрде тексеру, жіберілетін хабарларға қолтаңба қосу және хабарларыңыз үшін әдепкі қаріпті таңдау секілді әрекеттерді жасай аласыз.

Outlook Web App бағдарламасын реттеу туралы қосымша ақпарат алу үшін келесіні қараңыз: Параметрлер сілтемесі.

Арнайы мүмкіндіктер

Көзі көрмейтін немесе нашар көретін пайдаланушылар үшін бейімделген жеңілдетілген нұсқасы бар. Қосымша ақпаратты Outlook Web App Light бөлімінен қараңыз.

Анықтама алу

Жұмыс істеп отырған терезеде анықтама алу үшін құралдар тақтасындағы анықтама анықтама белгішесін басыңыз.

Егер сіз өзіңіздің электрондық поштаңызды кімнің басқаратындығын білетін болсаңыз, олармен хабарласып, интражелі немесе интернет арқылы Outlook Web App бағдарламасын пайдалану туралы ақпарат алыңыз.

Шығу

Пошта жәшігіңізді пайдаланып болғаннан соң, құралдар тақтасындағы Шығу түймешігін басыңыз, сонан соң барлық браузер терезелерін жабыңыз. Шығу басқа біреудің компьютерді пайдаланып пошта жәшігіңізге кіруін болдырмауға көмектеседі. Басқа веб-сайттарға кіру үшін компьютерді пайдалануды жалғастыруды жоспарласаңыз да, Шығу түймешігін басып, әрбір сеанстан соң барлық браузер терезелерін жабыңыз.

Пошта жәшігіне қосылудың басқа әдістері

  • Таңдаулы электрондық пошта бағдарламасы арқылы пошта жәшігіне қосылыңыз   Outlook Web App бағдарламасымен қатар, пошта жәшігіңізге мыналардың бірімен кіре аласыз:

    • Office Outlook 2007.

    • Windows Мобильді бағдарлама және қолдау Exchange ActiveSync бар мобильді телефондар, соның ішінде Windows Mobile 5.0 және Windows Mobile 6.0. Қосымша ақпаратты Ұялы телефоныңызда электрондық пошта тіркелгіңізді орнату бөлімінен қараңыз.

    • POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатын Apple iPhone секілді мобильді телефондар.

    • POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламалары, мысалы, Windows, Outlook Express, MAC OS X жүйесіне арналған Entourage, Mozilla Thunderbird және  Mail.

    Қосымша ақпарат үшін Электрондық поштаны орнату бөлімін қараңыз.

  • Дауыстық поштаны конфигурациялау   Мобильді телефоныңыздың нөмірін тіркелгіңізге қосу арқылы дауыстық поштаны қосуға болады. Дауыстық поштаны қосу арқылы, кіріс пошта жәшігіңізде мобильді телефоныңызға жіберілген дауыстық поштаны ала аласыз. Қосымша ақпаратты Дауыстық пошта бөлімінен қараңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Пошта жәшігіңізді орналастырған сервер конфигурациясына байланысты Outlook Web App бағдарламасы пошта жәшігіңізді рұқсатсыз кіруден қорғау үшін біраз уақыт әрекетсіздіктен кейін пошта жәшігіңізге қосылымды автоматты түрде жабуы мүмкін.

  • Пошта жәшігіңіз орналасқан сервердің конфигурациясына байланысты Анықтама файлында сипатталған кейбір мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.