Пошта жәшігіне Exchange ActiveSync кіруін орнату

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2013-01-21

Егер Windows мобильді телефоны немесе Exchange ActiveSync қолдайтын мобильді телефоны болса, телефонды пошта жәшігіне кіру үшін пайдалануыңызға болады. Мобильді телефондағы электрондық пошта хабарларына, кездесулер мен жиналыстарға, контактілерге, тапсырмаларға және дыбыстық пошта хабарларына кіруіңізге болады.

Пошта жәшігіне кіру үшін Windows мобильді телефонын орнатуыңызға болады. Мобильді телефонды бір ғана пошта жәшігімен синхрондауға болады. Сонымен қатар, мобильді телефоннан дауыстық пошта хабарларын алу үшін пошта жәшігін реттеуіңізге болады.

Көптеген танымал мобильді телефондарды орнату тәсілдері туралы арнайы нұсқаулықтарды Ұялы телефон мүмкіндіктері бөлімінен қараңыз.

Windows Mobile 6,0 телефонында Exchange ActiveSync қалай реттеледі?

  1. Мобильді телефонда бастапқы экрандағы Бастау түймешігін, кейін ActiveSync пәрменін таңдаңыз.

  2. Мәзір, содан кейін Серверді конфигурациялау түймешігін басыңыз.

  3. Сервердің мекенжайын енгізіңіз. Сервер мекенжайы – m.outlook.com.

  4. Бұл сервер шифрланған (SSL) қосылымды қажет етеді ұяшығына белгі қойыңыз.

  5. Келесі түймешігін басыңыз.

  6. Пайдаланушы атын, құпия сөзді және доменді енгізіңіз. Пайдаланушы атында ат, айқұлақ (@) таңбасы және домен атауы болуы керек. Мысалы, пайдаланушы аты tony@contoso.com болуы мүмкін.

  7. Құпия сөзді сақтау ұяшығына белгі қойыңыз.

  8. Келесі түймешігін басыңыз.

  9. Сервермен синхрондауға арналған деректердің әрбір түрі ұяшығына белгі қойыңыз да, Аяқтау түймешігін басыңыз.

Windows Mobile 5.0 телефонында Exchange ActiveSync қалай реттеледі?

  1. Мобильді телефонда бастапқы экрандағы Бастау түймешігін, кейін ActiveSync пәрменін таңдаңыз.

  2. Мәзір, содан кейін Серверді конфигурациялау түймешігін басыңыз.

  3. Сервердің мекенжайын енгізіңіз. Сервер мекенжайы – m.outlook.com.

  4. Бұл сервер шифрланған (SSL) қосылымды қажет етеді ұяшығына белгі қойыңыз.

  5. Келесі түймешігін басыңыз.

  6. Пайдаланушы атын, құпия сөзді және доменді енгізіңіз. Пайдаланушы атында ат, айқұлақ (@) таңбасы және домен атауы болуы керек. Мысалы, пайдаланушы аты tony@contoso.com болуы мүмкін.

  7. Құпия сөзді сақтау ұяшығына белгі қойыңыз.

  8. Келесі түймешігін басыңыз.

  9. Сервермен синхрондауға арналған деректердің әрбір түрі ұяшығына белгі қойыңыз да, Аяқтау түймешігін басыңыз.

Exchange ActiveSync бағдарламасы Apple iPhone құрылғысына қалай орнатылады?

  1. Параметрлер > Пошта, Контактілер, Күнтізбелер > Тіркелгіні қосу түймешігін басыңыз.

  2. Microsoft Exchange түймешігін басыңыз.

  3. Сізге Домен жолағына ешнәрсе енгізудің қажеті жоқ. Электрондық пошта, Пайдаланушы аты және Құпия сөз жолақтарына сұралған мәліметті енгізіңіз. Электрондық пошта және Пайдаланушы аты жолақтарына толық электрондық пошта мекенжайыңызды енгізуіңіз керек (мысалы, tony@contoso.com).

  4. Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Келесі түймешігін басыңыз. iPhone телефоныңыз параметрлерді табуға әрекет жасайды және бұл тіркелгіні орнатуды қажет етеді. Егер iPhone телеофоныңыз параметрлерді тапса, 7-қадамға өтіңіз.

  5. Егер iPhone телефоныңыз параметрлерді таппаса, Exchange ActiveSync сервер атауын қолмен іздеуіңіз керек. Exchange ActiveSync сервер атауын анықтау жолдары туралы нұсқауларды төмендегі Серверімнің атауын табу бөлімінен қараңыз.

  6. Сервер жолағына сервер атауыңызды енгізіп, Келесі түймешігін түртіңіз.

  7. Тіркелгіңіз бен құрылғыңыздың арасында синхрондағыңыз келетін ақпараттың түрін таңдап, Сақтау түймешігін түртіңіз. Әдепкіше, Пошта, Контактілер және Күнтізбе ақпараттары синхрондалған.

    CautionАбайлаңыз:
    Егер сізге құпия сөз ойлап табуға нұсқау берілсе, Жалғастыру түймешігін басып, цифрлық құпия сөзді енгізіңіз. Егер сіз құпия сөз орнатпасаңыз, iPhone телефонңызда электрондық пошта тіркелгісін көре алмайсыз. iPhone параметрлерінде құпия сөзді кейінірек орнатуыңызға болады.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, мобильді телефон арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. Мобильді телефонды пайдалану арқылы қосыңыз. Outlook Web App пайдалану арқылы тіркелгіге қалай қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімін қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Пошта жәшігімен синхрондау үшін Windows мобильді телефонын конфигурациялаған кезде Exchange ActiveSync пошта жәшігі саясаты телефонға қолданылады. Бұл саясат мобильді телефоннан қашықтағы құрылғыны алып тастауға мүмкіндік береді.

  • Windows мобильді телефоныңызда бір ғана Exchange ActiveSync тіркелгісін конфигурациялауыңызға болады. Егер мобильді телефоныңызда Exchange ActiveSync тіркелгісін өзгерткіңіз келсе, алдымен, қолданыстағы тіркелгіні алып тастап, жаңа тіркелгіні қосуыңыз керек.

 
Қатысты анықтама бөлімдері
Жүктелуде...
Ресурстар табылмады.